
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Талабы таудай Жарқынгүл
Қандасымыз Жанат Жарқынгүл Сарытөбе ауылында отбасымен тұрып жатыр. Ол ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша қайтарымсыз грантты жеңіп алып, өз кәсібін ашып, жүргізіп жүрген маман.
- Маған массаж жасау өнері қайдан келді десеңіз, әкем халық емшісі болған. Сол кісіден келген деп ойлаймын. Ауылымыздағы басы жиі ауыратын, миы шайқалған, т.б. адамарды ол кісі емдеп, жазатын. Мен мектепте оқыған кезімнен туыстарымның баласын қарап жүріп, жыласа денесіне массаж жасап, тыныштандырып алатынмын. Осы жылы ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша 1млн 380 мың теңге грант жеңіп алдым. Қымбатшылық қысқан заманда жұмысқа керекті жабдықтардың барлығы қымбат екенін білесіз. Осы қаражатпен көптен бері армандап жүрген жабдықтарды сатып алдым. КИМ-8, миостимуляция, прессотерапия, үстел, Ба-Гуа саунасын, Худудай матрасын, жиналмалы төсек, Стоун терапия үшін базальт тастарын, бамбуктан жасалған құты, басқа да керекті жабдықтар сатып алдым, - дейді бізбен әңгімесінде.
Заман ағымына сай ол адамдарға шипа сыйлауды өзіне мақсат қылып қойғандығын айтады. Алдымен Көкпекті ауылында массаж жасайтын салон ашыпты. Алайда күн суығанда ол ғимарат та суып, ол жерде адамдарды қабылдау мүмкін болмай қалыпты. Енді өзінің тұрып жатқан Сарытөбе ауылындағы бір адамдармен келісіп, ол кісілер ғимарат жөндеп жатыр екен. Жұмыстар аяқталғанда емдік шараларымды сол ғимаратта жүргізетін боламын дейді ол.
Адамға шипа сыйлау оңай жұмыс емес. Бас ауырып, балтыр сыздағанда әрбір адам емдеу орындарына барып, тексеріледі. Бүгінгі таңда ондай адамдар өте көп. Дәрігердің жазып берген жолдамасы бойынша науқастар массаж алуға мәжбүр болады. Себебі, сіресіп, қатып, қан айналмай тұрған жердегі нүктелер білікті уқалауды, массаж жасауды қажет етеді. Осындай адамдарға Жарқынгүл көмек беруге әзір екенін айтады.
Жарқынгүл төрт баланың анасы, жалғыз асырушысы. 2021 жылы Қарағанды қаласында арнайы курсты оқып, ересек адамдарға массаж жасайтын маман ретінде сертификатқа қол жеткізген. Осы уақытта біршама адамдарды емдеп, алғысқа ие болған мейрімді жанның болашақтан, Жаңа жылдан күтері көп.
Атқан таңда арнайы білім алып, мамандық меңгеріп, кәсіп ашып, осы кәсібім нәсіп әкеліп, балаларымды жеткізсем, адамдарға шипа беріп, алғыстарын алсам деп жүрген Жарқынгүл сынды жандар көп екенін байқаймыз. Алайда, істің сәтімен бастау алып кетуі кәсібін ашқан әрбір адамның еңбекқорлығына байланысты. Және ондай адамның басқа адамдарға деген мейірімі, жылы сөзі де ауадай қажет.
Адамдарға жақсылық жасауға ұмтылған Жанатқызы Жарқынгүлге табалдырығы- мыздан аттаған жыл денсаулық, үлкен жетістіктер әкелсін демекпіз.
Қ.Ахметова