
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жылдамдықты интернет
Қазақстандық мектептерде интернет сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Жыл басында мектептердің 19% ғана талапқа сай болған болса, бүгінде 65%-да интернет жылдамдығы арттырылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Вице-министр Айбат Ілиясов атап өткендей, осы жылы Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп мектептердегі интернет жылдамдығына қойылатын талаптарды бекітті.
«Барлық мектептер бойынша жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету және оқу үдерісінде цифрлық шешімдерді толық пайдалану үшін интернет желілеріне қосылу технологиясына инвентаризация жүргізілді. Нәтижесі бойынша Starlink технологиясына қосылу үшін интернет жылдамдығы төмен мектептердің тізімі жасалды. Пилоттық жоба аясында 2024 жылдың маусымына дейін бұл мектептерді Starlink технологиясына кезең-кезеңімен қосу жоспарлануда», – дейді Оқу-ағарту вице-министрі.
Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы 10 ауыл мектебі пилот ретінде Starlink технологиясына қосылды. Егер бұрын олардағы интернет жылдамдығы 4 Мбит/с аспайтын болса, енді жылдамдық 150 Мбит/с дейін жетті.
2024 жылдың маусымына дейін 2000 мектепті SpaceX интернетіне қосу жоспарлануда. Мектептердің негізгі үлесі Түркістан, Ақмола және Қостанай облыстарында.
ortcom.kz