taza-kaz

Ата, әжеге қажет жоба


18.11.2023 09:52

Зейнеткерлік жасқа таяп қалса да еңбек етуге қауқары бар, екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарды жұмысқа жарамсыз деп тану қоғамда бар мәселелердің бірі. Сол себепті де егде жастағы адамдар көп жер жұмысқа қабылдамаған соң еңбек шартысыз, бейресми жұмыстарды атқаруға мәжбүр.

Осы істі қолға алу мақсатында 2022 жылы «Күміс жас» жобасы іске қосылған болатын. Бүгінде ауданымыз бойынша өз жемісін беріп келе жатқан жобамен қызметке тағайындалғандардың бірі белағаштық Сабира Камалова.

Жұмыс табу қиынға соғып жүрген аға буын қатарындағы тұрғындарға арналған «Күміс жас» жобасы 2022 жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба аясында іске қосылды. Ағымдағы жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек беретін «Күміс жас» жобасына қатысушылардың контингенті мен қатысу кезеңі кеңейтілді. Енді 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар 3 жыл мерзімінде жобамен жұмысқа орналаса алатын болады.

Бірінші жылы жұмысшыға төленетін жалақының 70 пайызын, екінші жылда 65 пайызын, үшінші жылда 60 пайызын мемлекеттен төленсе, қалған пайызын жұмыс беруші көтереді. Аталмыш жобамен жұмыс іздеуші ретінде мансап орталығына жүгінген Белағаш ауылының тұрғыны Сабира Камалова «Асылхан» шаруа қожалығына сиыр саууға арналған сауын апаратын басқаратын оператор маман ретінде жұмысқа орналасыпты.

- Мен Белағаш ауылында тұрамын. Ауылдық жерде жұмыс табу қиын. Онымен қоса зейнеткерлік жасқа келіп қалдым. Көп жерде «зейнетке шығуға аз қалыпты» деп жұмысқа қабылдамай жатады. Осы тұрғыда «Күміс жас» жобасы мен секілді жандарға үлкен көмек беріп отыр деп айта аламын. Жолдасымның 3-топ мүгедектігі бар. Артық қаражат кемшілік етпейді. Жұмысым күніне екі мезгіл. Күніне 25 сиыр сауамыз. Қазір қыс жақындап қалғандықтан сиырлар суалып жатыр. Сауатын сиыр саны азайып келеді. Аллаға шүкір, ауыл ішінен жұмыс табылды. Айына 147 мың айлық алып отырмын, - дейді Сабира Камалова.

Мемлекетіміз үшін әлеуметтің әлеуетін көтеруде, бұқараны жұмыспен қамтуда үлкен рөл атқарып отырған жоба маңызын айтпасақ та түсінікті. Ал жобаның халық арасында кеңінен танылып, өз жемісін беруі мемлекеттік қызметкерлердің атқаратын міндеті.

Аяулы жар, 2 баланың ардақты анасы, 5 немерені алақанына салып мәпелеп отырған әже Сабира Камалова өзіне ұнайтын жұмыс табылғанына қуанышты. Кейіпкеріміз «Күміс жас» жобасымен танысқанына разы. Біздер осы жобаны барынша танытып отырған мемлекеттік қызметкерлеріміздің қызметіне жақсы деген баға береміз.

Б.Жакешова

Суретте: С.Камалова мен немерелері.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?