
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Мемлекеттік қызметке кіру жеңілдетілді
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов ведомствоның заңнамалық бастамаларын іске асыру туралы баяндады.
«Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға мынадай өзгерістер енгізілді. Біріншісі, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерді аудандық және ауылдық деңгейлерде төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындау. Екіншісі, Агенттік келісімі бойынша конкурссыз «Б» корпусының басшы лауазымдарына тікелей тағайындау. Бұл жеке және квазимемлекеттік секторлардан салалық тәжірибесі бар білікті кадрларды тартуға мүмкіндік береді. Үшіншісі, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген түлектерін өңірлік органдарға конкурссыз тікелей тағайындау», - деді спикер.
Оның айтуынша, «Б» корпусын тағайындау туралы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін агенттік келісімі бойынша мемлекеттік органдарда осындай 200-ге жуық басшы тағайындалды. Сондай-ақ, Академия мен жоғары оқу орындарының үздік түлектерінің ішінен конкурстық іріктеусіз 71 адам лауазымға тағайындалды.
Бүгінгі күні жоғары оқу орындарының 71 түлегі өңірлерде аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындалды.
Ortcom.kz