
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ақпараттық кездесу
2023 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен Алматы студенттерінің Альянсы «Ules» жобасы жүзеге асырылды. Жоба мақсаты қалалық, ауылдық елдімекендерде жастарды шешім қабылдауға тарту және маңызды деген бағдарламалармен таныстыру.
Жоба аясында арнайы жасақталған мобильді топ құрылып, еліміздің 200 елдімекенін аралап, жастармен кездесулер өткізуді бастады. Өткен аптада кентіміздегі коворкинг орталығында «Face to face» кездесу өтті.
Кездесуге грант иегерлері мен жас кәсіпкерлер және жастар орталығының қызметкерлері қатысты.
Спикер Айымхан Тастанбек жастарға қатысты мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы ақпараттармен бөлісті.
Кездесу барысында жастарға арналған білім-ғылым бағытындағы бағдарламаларға бірқатар шолу жасалды. Соның ішінде магистратура, докторантура, резидентурада әлемнің 27 елінің 236 университетінде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы таныстырылды. Шет елде емес, өз елімде оқысам деген түлектерге еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде тегін оқытып, жұмысқа орналасуға жәрдем беретін «Серпін-2050» бағдарламасы туралы ақпарат берілді. Бұл бағдарлама Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы, Жамбыл, Алматы облыстарының түлектеріне арналған десек болады.
Жастарды жұмыспен қамтуға арналған бағдарламалар кезегіне тоқталатын болсақ. Студенттерге алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға жәрдем көрсету үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары 12 айға дейінгі мерзіммен жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бар. Бұл бағдарламаға 3 жыл ішінде және 35 жастан аспаған оқу орындарын аяқтаған жұмыссыз түлектер қатыса алады. Жастар практикасына қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтініш қалдыруы қажет. Осыған ұқсақ «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалары бар. Алғашқы жұмыс орны бағдарламасынада алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жұмыс іздеп жүрген және жұмыссыз тұлғалар, 35 жастан аспаған жастар қатарындағы, оның ішінде NEET санатындағы жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыздар 18 айға жұмысқа қабылданады. Ал, «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламасы бойынша жұмыс беруші 6 айлық тағылымдамадан кейін зейнетке шығатын адам босататын орынға үміткерді жұмысқа қабылдайды. Жұмыс ұзақтығы 6 ай.
Сондай-ақ жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құрып, қызметкерлерді алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрлерін ұсынатын «Әлеуметтік жұмыс орындары» мен «Қоғамдық жұмыстар» жобалары бар.
14-35 жас аралығындағы жастар жаздық демалыс кезінде жұмысқа шақыратын «Жасыл ел» және білімі бар жас мамандарды ауылдық жерлерге шақыратын «Дипломмен ауылға» бағдарламалары да таныстырылып өтілді.
Жастарды кәсіпкерлікке шақыратын бағдарламалар ішінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бар. Бизнес, ғылым, медиа, мәдениет, ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтарға өз жобасын дамытуға 3 000 000 теңгені құрайтын грант беріледі. Жерде жатқан ақша жоқ. Грант жеңіп алған адам үш айда бір рет жобаның іске асырылу барысы туралы уәкілетті органға есеп береді.
Жұмыспен қамту орталықтарында жұмыссыз ретінде тіркелген көп балалы тұлғалар - көп балалы жәрдемақы алушылар, қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері, мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар, атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған адамдар және олардың отбасы мүшелері, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, қандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар, мүгедек адамдарға 1 380 000 теңге өз кәсібін бастауға мемлекеттен грант беріледі. Бұл грантқа өтім беру үшін сізде «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификат болы керек. Және де жұмыспен қамту орталығынан соңғы 12 айда қандай да бір көмек алмаған болуыңыз шарт.
Кездесу барысында инновациялық бизнес идеяларды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға қолдау беретін, 5 000 000-ге дейін қаржы беретін «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы түсіндірілді. Одан бөлек кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5 пайызбен берілетін несие жайлы айтылды. Бұл бағдарламада қаражаттың ең жоғары мөлшері – 5 миллион теңгені құрайды. 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Егер кәсіп түрі ауыл шаруашылығы саласымен байланысты болса, несиені 7 жылға дейінгі мерзімге алу мүмкіндігі бар. Жастарға арналған тағы бір жоба «Zhas Project». Бұл жоба - әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы осал топтарды, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. Өздеріңізге танымал «Дарын» мемлекеттік сыйлығы жайлы да айтылды.
Келесі кезекте әрбір қазақ үшін, әсіресе жастар үшін өзекті болған баспанаға қатысты бағдарламалар да шолынып өтілді. Тұрғын үй заемы ұлттық валютада беріледі және еңбек және кәсіпкерлік қызметтен түскен, сондай-ақ меншік құқығында баспанасы жоқ кез-келген қазақстандық қатысуға құқылы «7-20-25» бағдарламасы айтылды. Бағдарлама 7% бойынша беріледі. Бастапқы жарна 20 % Қарызды жабу мерзімі 25 жылға дейін. Жуырда ғана неке қиған – қаражаттарын бір жыл бойы отбасы банкінде жинақтаған отбасылрға 6%-бен несие беретін «Жас отбасы» бағдарламасы. Бұл жерде бастапқы жарна құны 50%-ға жетуі қажет. Несие мерзімі 6 жылдан 9 жылға дейін.
Спикер түсіндіру барысында қатысушылар сұрақтарына жауап берді. Қажетті ақпарттармен бөліскен кездесу қатысушылар көңілінен шықты.
Б.Жакешова
Д.Торжановтың суреттері.