
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ел келешегін айқындаған күн
Сонымен, бір жыл бойы халық талқысында болған АЭС құрылысы бойынша референдум да өтті. Бұл референдум 2024 жылдың ғана емес, Қазақстан тарихында ерекшеленіп қалатыны даусыз. 6 қазанда 7, 8 миллионнан астам қазақстандық ел келешегін айқындайтын іс-шарада дауыс беруге қатысты. Бұл – дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы.
Ең алдымен, елеулі күнде өңірлердің белсенділігі қалай болғанын айтпай кетуге болмас. Орталық референдум комиссиясының дерегінше, дауыс беруде Алматы қаласының халқы бәсең болған – қала тұрғындарының тек 25,39 пайызы таңдау жасапты. Ал ең белсенді болған өңір - Қызылорда облысы 82,48 пайыз. Бұл республика бойынша рекордты көрсеткіш саналады.
Маңызды саяси науқанда бұқаржыраулықтар да белсенділік танытып жатты. Таңнан бері аудан көшесінде ерекше көңіл-күй мен көңілді әуен ойнап тұрды. Сол дауысқа қарай ағылған халық, ауданымыздың мәдениет үйі алаңынан табылып жатты. Себебі, мәдени ошақта №487 сайлау учаскесі орналасқан. Аудан халқы үшін атаулы саяси науқан аясында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда ауыл шаруашылығы өнімдерінен павильондар тігіліп ет, үт өнімдерін, сонымен қатар киім-кешек, тазалық өнімдері, бау-бақша дақылдары мен көкөністер сатылымға қойылды.
Жәрмеңкеге қатысушылар мәдениет үйі алаңында өткізіліп жатқан концертті де тамашалай алды. Олар үшін сахнада ескі әндер мен заманауи эстрадалық әндер шырқалды. Осылайша тұрғындар әрі сауда жасап, әрі концерт тамашалап қайту мүмкіндігіне ие болды.
№ 487 сайлау учаскесі заңнамаға сәйкес таңғы 7.00-де ашылып, таңғы 8.00. шамасында 42 тұрғынның дауысын тіркесе, таңғы 9.00 шамасында 92 тұрғынды қабылдап үлгерген. Атаулы учаскеде аудан әкімі Ерлан Құсайын да дауыс беріп, қызмет көрсетіп отырған мамандарға сәттілік тілеп, ел келешегін айқындайтын күні дауыс беріп жатқан тұрғындарды көріп, ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар осы күні ауданымыздың құрметті азаматы, аудан жанашыры, абыз ақсақал Қанағат Жұмашұлы қазақтың ұлттық киімі - шапаны мен бөрігін киіп, тұрғындардың көзайымына айналды. Дауыс беріп шыққан соң, еліміздің болашағы жарқын болсын деп бата беріп, сөз сөйледі:
- Бұл өте маңызды мәселе. Ешкім де үнсіз қалмау керек. Әр тұрғын дауыс беруге міндетті. Бүгінгі таңдауымыз – ертеңгі болашағамыз! - деді ол.
Ауданымыздың тағы бір Ә.Бөкейхан көшесінде орналасқан №488 сайлау учаскесі таңғы 07:00-де есігін айқара ашты. Онда сайлау бюллетеньдерін беру орны, құпия дауыс беруге арналған кабиналар және стационарлық мөлдір жәшік орнатылған.
Сайлау аумағы ашылғанға дейін-ақ азаматтық парызын өтеуге келгендердің қарасы көп болды. Қалыптасқан дәстүр бойынша учаскеде алғашқы сайлаушыларға символикалық сыйлықтар берілді.
Ең алғашқы болып дауыс беруші ауданымыздың құрметті азаматы,ардагерлер ұйымының төрағасы Арбабаев Төкен Арбайбайұлы. Ал ең алғаш берушілердің қатарында студент Жұматаев Ілияс Ғалымұлы екен:
- АЭС салу жастардың болашағына тікелей әсер етеді. Қазіргі дамыған заманда энергетика тапшылығы әр салада көрініп жүр. Жастар жағы да өз ойларын сарапқа салып дауыс бергендері жөн деп есептеймін, - дейді Ілияс.
Ілиястан сұхбат алу сәтінде ауданымыздың "Аманат" партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Анар Бозаева өз дауысын беруге келді. Азаматтардың бүкіл ел үшін маңызды шешім қабылдауға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, партияластардың дауыс беруде белсенділік танытатынын атап өтті.
-Өз дауысыңды беру – барлық қазақстандықтардың азаматтық борышы. Әркім өз таңдауын жасауы керек. Мен өз таңдауымды жасадым, - деді Анар Бозаева.
Аудан орталығынан бөлек, ауылдық округтерде де дауыс беру науқаны қызу жүріп жатты. Қызметтік сапармен Ақбел, Жаңақала ауылдарына сапар шектік. Ақбел ауылындағы №505 сайлау учаскесіне Құрама, Алабас ауылдары қарайды. Барлығын қосқанда 376 дауыс берушіні құрайды, оның 9-ы үйден дауыс берушілер. Сағат түскі бір шамасында 93 адам дауыс беріп үлгерген. Келген бетте үйден дауыс берушілерге аттанғалы жатқан топқа ілесіп, біз де бардық. Жасы сексеннің сеңгірінен асқан қос қария кәрілік жағдайына байланысты шыға алмайды. Елімізде өтіп жатқан саяси науқаннан хабардар қос қария Нокина Тілеубике Әубәкірқызы мен Түсіпбекова Дәмеш Әубәкірқызының тілегі мен ниеті бір екен.
– Біздің жасымыз келді, болашақ жастардікі. Мемлекет елдің қамын ойлап, осындай шаралар ұйымдастырып жатқаны дұрыс. Көп білгеннен емес, көп көргеннен сұра дейді. Жауабымызды ескеріп, келгендеріңе рахмет, - деді олар.
Ал Жаңақала ауылына Жастілек ауылы қарайды. Екі ауылды қосқанда барлығы 275 тұрғын бар. Түскі 2 шамасында 51 адам дауыс берген. Үйден дауыс беруші қариялар саны 7-ді құрады. Ең бірінші болып дауыс берген тұрғын ретінде Кокишев Ерден, ал ең алғаш рет саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасаған Төлеуова Қаракөз есімді бойжеткен екен.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, ел азаматтарының 71,12 пайызы АЭС салуды қолдап, дауыс берген.
Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құраған.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құрады.
Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады.
Осылайша, референдум өтті деп саналады. Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.
Түйіндей келгенде, біздің болжауымыз бойынша, АЭС референдумы халық тарапынан қолдау тапқаны анық. Ендігі мәселе, құрылысты кім жүргізетінінде. Бұл сұраққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауап та берді. Үкімет алдағы уақытта бұл мәселені саралап, шешімін шығарады. Президент Қазақстанда ең озық технологияларға ие әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі тиістігін айтты. Осылайша, Қазақстан өз тарихында маңызды кезеңдердің біріне жол қалады деп айтуға толық негіз бар.
А.Ерубаева
Д.Торжановтың суреттерінде: Е.Құсайын дауыс берді; Набоковтар отбасы; Баймырзадағы дауыс беру барысы.