taza-kaz

Референдумға қатысты семинар


13.09.2024 16:15

Қыркүйек айының 11-жұлдызында аудандық Мәдениет үйінде Қарағанды облыстық референдум комиссиясының мүшелері Саян Амантайұлы Есмағамбетов, Гүлнарайым Хасенқызы Қаңтарбекова, Бұқар жырау аудандық референдум комиссиясының төрағасы Марат Қуанышұлы Нұрлановтың ұйымдастыруымен Бұқар жырау ауданының төңірегінде орналасқан сайлау комиссиялары төраға, хатшылары мен мүшелерінің басын қосып, семинар өткізілді. Марат Қуанышұлы елімізде референдум өткізілуі туралы ақпараттармен бөлісіп, облысымыздан келген қонақтарды жиналған жұртшылыққа таныстырды.

Осыған орай күнтізбелік жоспар бекітілгенін, референдумда дауыс беруге құқылы адамдардың тізімі құрылатынын, мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасалу керектігін, дауыс беруге 20 күн қалғанда дауыс беретін адамдардың тізімі құрылып, тұрғындардың референдумге шақыру билеті жазылатынын, 15 күн қалғанда тізім берілетінін, 10 күн қалғанда шақыру берілетінін айтты. Денсаулық жағдайларына байланысты адамдардың үйлеріне тасымалданатын жәшіктермен бару қажеттігіне тоқталды. 

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10 тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық  заңының 18 Заңына сәйкес Қ.Тоқаев 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілуі туралы Жарлығын жариялады. Оған «Сіз Қазақстанда атом станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал шығарылсын. Республикалық референдумді ұйымдастыру мен өткізу референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын  Қазақстан Республика- сының Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелік комиссияларының қызметін атқаратын аумақтық және сайлау комиссияларына жүктеліп, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын деген болатын.  

Жалпыхалықтық референдум елімізді мекендеген барлық адамдар үшін үлкен маңызға ие. Бұл күні өткізілген семинарда айтылғандардың барлығын комиссия төрағалары өз сайлау комиссияларындағы мүшелерге түсіндіретін болады.

Мінберде орын алған Саян Амантайұлы алдағы өткізілгелі отырған референдумның ұйымдастырылуы туралы жиналғандарға өте көп ақпарат берді. Бұл күні залға жиналғандардың басым бөлігі сайлау өткізу тәртібін аса жақсы меңгерген қызметкерлер болды, олармен сұрақ-жауап түрінде диалогтар да жүргізілді. Референдумда байқаушылар да болатынын, олардың назарына қандай олқылықтар бірден көрінетінін, осы саяси маңызды науқанда қандай әрекеттерден аулақ болулары, әртүрлі ситуацияларда сайлау комиссиясының мүшелері өздерін қалай ұстау керектігін, мүгедектердің үйлеріне барғанда туындаған ситуацияларда комиссия мүшелерінің дұрыс әрекеттер жасауына барынша назар аударуға тырысты.

Бұқар жырау ауданында барлығы учаскелік комиссиялардың 291 мүшесі бар. Қыркүйектің 15-не дейін референдумге қатысушылардың тізімі қолға берілетінін, оларға толық ақпарат берілуі қажеттігін, бұл жұмыстар осы уақытта да ашық түрде жүргізіліп жатқанын, барлық бұқаралық ақпарат құралдары осы науқанда жұмыс атқарып жатқанына тоқталды.

Телефон, интернет жүйесі, комиссияның сапалы жұмыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасалған референдум жұмысына үлкен талап қойылатынын назардан шығаруға болмайды.

Бөгде адамдар учаскеде жүруге болмайтыны, ол жерде тек тәуелсіз байқаушылар болатыны, сондықтан комиссия референдум жұмысына қатысты барлық талаптарды қатаң орындауы керектігі де айтылды. Егер де референдум жұмысы аяқталған соң тәуелсіз байқаушылар бюллетень жайлы сұраса, бір қатарға қойылған бюллетеньдерді оның көзінше санап беруі қажеттігі айтылып, ол процедура он-он бес минутта аяқталатынына тоқталды.

Баяндамашы осынау үлкен  де маңызды науқанда учаскелік сайлау комиссияларының жұмылып, барлық талаптарға лайық жұмыс атқарып, өз жұмыс орындарында сапалы, білікті жұмыс жасау керектігін айтты.

Қол жинауды жүзеге асырған адамдар толтырылған және тиісті аумақтықтық сайлау комиссиясында тексеруден өткен қол қою парақтарын референдумның бастамашыл тобына жібереді. Бастамашыл топ қол жинаудың нәтижелері туралы жиынтық деректерді түзеді және қол жинау аяқталған күннен бастап он күннен кешіктірмей толтырылған қол қою парақтары мен жиынтық деректерді Орталық сайлау  комиссиясына жібереді.

Осы күні жер-жерден келген қызметкерлер өздері үшін құнды ақпараттар алды. Олар баяндамашымен диалогқа түсіп, жұмыс тәртібі туралы пікірімен бөлісіп отырды. Біршама құнды ақпараттарды Гүлнарайым Хасенқызы да берді

Қ.Ахметова

 

Д.Торжановтың суреттерінде: семинар жұмысына; қатысушылар.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?