
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
: АЭС салу маңыздылығы талқыланды
Қарағанды облысына жұмыс сапарымен АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық халықтық штаб мүшелері, Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев, Таңсәуле Серіков, Бауыржан Смағұлов, Арман Қалықов, Никита Шаталов, олармен бірге Қарағанды облыстық маслихатының төрағасы, облыстық штаб мүшелері Нұркен Кобжанов, Бұқар жырау аудандық мәслихатының төрағасы Асхат Әли, облыстық мәслихат депутаттары Ермек Әбілдин, Қадиша Оспанова, Меруеш Башай, қоршаған орта және ядерлі физика саласындағы эксперттер 12-қыркүйекте Бұқар жырау ауданына қарасты Қарақұдық ауылының тұрғындарымен кездесіп, жергілікті тұрғындармен елімізде АЭС салудың маңыздылығы туралы кездесіп, сұхбат құрды.
Қарақұдық ауылының тұрғындары ауызбіршілік танытып, осы ауылдың жастарына арнап салынған жаңа спорт кешенінің шаңырағыныың астына жиналды. Ауыл әкімі Бауыржан Жұмағұлов келген қонақтарды жылы қарсы алып, төрге оздырды.
Заманымыз буырқанып, күннен күнге дамуда. Елімізде электр энергиясының тапшылығы орын алып отырғандықтан, көршілес елдерден оны бірнеше есе қымбат бағаға сатып алынатынын айтты ең алғашқы болып сөз кезегін алған Азат Перуашев.
- 6-қазанда өтетін референдум қарсаңында штаб мүшелері еліміздің елді мекендерін аралап жүрміз. Мен «Ақ жол» партиясының төрағасымын. Біз отандық өндірушілер, кәсіпкерлерміз. Кәсіпкерлер үшін энергияның тапшылығы айдан анық көрініп тұр. Инфрақұрылым деген – энергетика, теледидар көру үшін, су ағызу үшін, отты жаққанда насос жұмыс істеу үшін, көптеген тіршілік көздерін атқару үшін ең алдымен жарық, электр энергиясы керек. Электр қуаты болмаса ешқандай өндіріс болмайды. Кеңес кезінен қалған инфрақұрылымдар тозығы жеткен. Оның көріністерін өздеріңіз көріп отырсыздар. Елімізде кейінгі жылдары орын алып жатқан төтенше жағдайлар – үлкен қалалардағы жылудың қатып қалуы – осы электр энергиясының тапшылығынан болып жатыр. Желге, күнге сүйенген желілер де тұрақты емес, өйткені күннің көзі болмаса, жел соғуын тоқтатса, электр энергиясының өндіруі тоқтатылады. Көршілес Өзбекстан елі де АЭС салды. Дамыған елдерде – Жапония, Ресей, Қытай, Кореяда бір емес, бірнеше электр станциялары бар. Жер сілкінісі, су тасқыны, қандай да бір жағдай болса реакторға қауіп төнбейді, оның жұмысы сол сәтте тоқтатылады. Аспаннан самолет құласа да, реактор жұмысына ешқандай әсері тимейді. Экологияға да әсерін тигізбейді. Қазіргі жылу электр станцияларын көріп жүрсіздер, қаншама күл, түтінімен қоршаған ортаны ластап жатыр. Осыдан қаншама аурулар пайда болып, адамдар қатты зардап шегуде. Кадрлар жоқ дегенге мен келіспеймін, біздің жастарымыз, жас мамандарымыздың қолынан бәрі келеді. Ол үшін біз болашаққа қарай прогресшіл қадам басуымыз керек. Біздің жастардың ішінде оқымысты мамандар бар, тек оларға сенуіміз керек, - деді.
Облыстық штабтың және бір мүшесі Нұркен Кобжанов:
- Дамыған елдердің қатарына қосылу үшін кәсіпкерлік дамуы керек. Бүгінгі күннің өзекті мәселерін шешу үшін - атом станциясы салынуы керек. Көршілес өзбек елі өз ішінде талқылады да, станциясын салып алды. Ауыл шаруашылығы саласында астық өнімін тапсыратын құрылымдар электр энергиясының тапшылығынан дақылдың өнімін қабылдаудан бас тартады.
Күндердің күнінде осыған келеміз. Сондықтан, баршаңызда дұрыс пікір болуы керек. Қарағанды қаласының жанында 54 завод болуы керек. Жолы суы бар, бар жағдай жасалған, бірақ электр энергиясы жоқтығынан олар салынбады. Өзіміздің жылыту орталықтарының күші азайып келеді. Болашаққа керекті жағдай - атом станциясының салынуы. Бұл біздің балаларымыз, ұрпағымызға керек. Бұл келуіміздің себебі – сіздерге дұрыс мәлімет беру, айтып, түсіндіру, сіздермен жүздесу, - деді.
Онан соң сөз алған қонақтардың барлығы тұрғындарға көптеген ақпараттар берді. Қарақұдық ауылының тұрғындары, зейнеткер Социал Жакенов, Айнагүл Садихина да өз кезектерінде микрофон алып, осынау кездесуге келген азаматтарға алғыс сезімдерін білдірді.
Осы күнгі сапардың басты мақсаты - Президент Жолдауын халықпен талқылау және референдум өткізудің мақсатын қалың жұртшылыққа түсіндіру болатын. Ауыл жұртшылығы қонақтарды ықыласпен тыңдап, әрбір керекті сұрағына жауаптарын алды.
Қ.Ахметова