Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Газет – аудан айнасы
Мен 1992 жылы Тельман ауданының әкімі лауазымына келдім. 1997 жылы Қарағанды облысында үлкен өзгерістер болып, көптеген аудандар қысқартылды, іріленді. Нақ осы кезде Тельман ауданы мен Ульянов ауданы бірігіп, Бұқар жырау ауданы деп аталды. Мен Бұқар жырау ауданының алғашқы әкімі болып тағайындалдым.
Осы кезеңде аудан экономикасы ауыр жағдайда еді. Ауыл шаруашылығы шаршаңқырап қалған, кейбірі таратылып кеткен. Жұмыс орындары тоқтап, кәсіпорындар жабылып қалған. Ауданның жағдайын жақсарту мақсатында алғашқы күннен үлкен жоспарлар құрылып, жұмыс жүргізілді.
Сол ауыртпашылық жылдар ауданның газетін айналып өтпеді. Қаражат тапшылығына байланысты газеттің уақытылы шығып тұруы үлкен мәселе болатын. Аудан мекемелерінде шоғырланған білікті мамандардың арқасында үлкен жұмыстар атқарылып, өңіріміздің жай-күйі жақсара бастады. Осындай аумалы-төкпелі кезеңдерде халықпен бірге болып, өз жұмысын бір сәтке де тоқтатпай жақсылықтың жаршысы бола білген газетіміздің ауданның қалыптасу тарихында қалдырған ізі үлкен. Ауданымыздың экономикасы, ауыл шаруашылығы, үздік қызметкерлер туралы үздіксіз жарияланым жасап тұрған газет бірнеше рет атауын өзгертті. Ауданның өрлеу жолында жасаған қарышты қадамдарының куəсі болған басылымның атауы бірнеше рет өзгертілгенімен, оқырмандарының сүйіспеншілігі еш кеміген жоқ.
Газет – ауданның бет-бейнесі. Халықпен бірге жүріп, жұртшылықты ақпарат көзімен сусындатар, болашақ ұрпақтың сауатының жоғарылауына септігін тигізер құрал болып табылатын газетіміздің 85 жылдық мерейтойы қайырлы, құтты болсын!
Ауданның тыныс-тіршілігін, алған асулары мен жеткен жетістіктерін халыққа жүйелі жеткізуші, саяси, тарихи, танымдық, өңіріміздің мақтанышы болған тұлғалар жайлы қалам тербеген мақалаларыңыздың қатары көбейіп, «Бұқар жырау жаршысы» газетінің мәртебесі жоғарылай берсін. Әлия Саятқызы бастаған ұжым табыстан табысқа жетіп, жағымды жаңалықтарыңызбен халықты қуантып жүре беріңіздер.
Амантай Рахимұлы
Рахимов,
1997-1998 жылдардағы Бұқар жырау
ауданының әкімі,
Бұқар жырау ауданының құрметті азаматы
Астана қаласы





