Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Құрметтісің, қадірлісің, газетім!
1939 жылы жарыққа шығып өлкеміздің тарихын теріп, тұрмыс-тіршілігінен сыр шерткен ескінің үні, келешектің көзі, бүгінгінің өзі мен сөзі болған сүйікті газетіміз 85 жасқа толып отыр. Осы 85 жылдың ішінде оқырманның сүйіктісіне айнаған басылымның мерейлі мерекесі барша аудан жұртшылығына ортақ қуаныш деп ойлаймын.
«Бұқар жырау жаршысы» газеті аудан өмірінің ажырамас бөлігі. Әрбір мәдени іс-шара, әлеуметтік-саяси бастамалар болсын, үнемі көштен қалмай сол шараның басы-қасында жүреді. Онымен қоймай, ауданымыздың аға буын өкілдерін, қарттарымызды сыйлап, құрметтеп, үнемі газет беттеріне мақала, очерктер басуды ұмыт қалдырған емес.
Мен өз басым талай жыл қызметімде осы ұжыммен тығыз байланыста жүрдім. Әркезде де менің өтініштерім мен ойларымды құптап, керек жерде көмек көрсетіп жүрді. Сүйікті газетіміздің әр қызметкерінің жоғары кәсіби маман екендіктеріне көзім жетті.
Үнемі ізденісте жүретін, жаңалық пен жаңашылдыққа жаны құмар газет ұжымына алар асуларыңыз көп болып, тілшілерімізге шығармашылық шабыт, мол денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларына амандық тілеймін. Бұқар жырау ауданының өміріне, тағдырына сіздердің қосар үлестеріңіз аз емес. Ендеше, осы кәсібиліктеріңізді жоғалтпай, ауданымыздың айнасы болып жүре беріңіздер.
Төкен Арабабайұлы Арбабаев,
Бұқар жырау ауданының құрметті азаматы,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы





