
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Құндылықтарымыз әрқашан қажет
27.04.2024
Жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз басшылығымен Қазақстан халқы Ассамблеясында «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХIII cессиясын өткізді.Оның жұмысына депутаттар, республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, мүшелері, Ассамблея еріктілері, бейнебайланыс арқылы делегаттар қатысты.
Қазақстанның көптеген өңірлерінде биыл су тасқыны орын алып, адамдарды баспанасыз, дүниесіз, малсыз қалдырды. Осы жағдайды көріп отырған барша Қазақстан азаматтары тасқыннан зардап шеккен адамдарға көмек қолын ұсынып, барлық керек-жарақтарды, азық-түлікті жөнелтіп жатыр. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жауынгерлер де елді мекендердегі адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдап, қолдарынан келген көмегін беріп жатыр. Ел басшысы су тасқыны орын алғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенділік көрсетіп, ортақ істің бел ортасында жүр, мұның бәрі адам адамға дос екендігін дәлелдейтінін тілге тиек етті.
-Қазір әлемде әртүрлі табиғи апаттар көбейіп келеді. Өрт, топан су ешқашан айтып келмейді. Биылғы жылы еліміз су тасқынынан үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген елді мекенін су басып, адамдардың баспанасын жарамсыз қылды, өмір бойы жинаған дүние мен мүліктері, малдары, басқа да керек-жарақтары судың астында қалып, шығын болды.
Біз үшін ең бастысы – адамдардың амандығы. Үкімет қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр, тиісті қаражат бөлінді, ірі компаниялар мен бизнес өкілдері көмек қолын ұсынуда, - деді.
Қазіргі таңдағы басты мақсат - алапат су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін ең алдымен баспана тұрғызу, қалыпты өмірге әкелу – кезек күттірмейтін жұмыс. Адамдардың өмір сүруге қажеттінің бәріне қол жеткізуі үшін барша республика болып атсалысу керек. Ел Президентінің алдында бірінші орында тұрған міндет – осы. Ағымдағы жылда елімізде өткізуге жоспарланған халықаралық шаралардың барлығын қысқарту керек екендігін де айтты. Биылғы жылы өткізуге тиісті Астана халықаралық форумы өткізілмейтін болды. Оны кейінге қалдыру керек. Кезек күттірмейтін шаралар өткізіледі, олар ел игілігі үшін керек.
Жыл сайын Бірлік күні қарсаңында Ассамблея сессиясы өтеді. Биылғы басқосу ел үшін күрделі кезеңге тұспа-тұс келіп отыр. Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Бұған осы қиын күндер көз жеткізді.
Қазақстан халқы ауыр сынаққа тап болды. Құтқарушылар, еріктілер, мемлекеттік қызметшілер, сарбаздар, жастар, бизнес өкілдері – бәрі осы жерде жүр. Отандастар тасқын судан жапа шеккен адамдарға жүрегінің мейрімін төкті, оларды құтқарды,бір-біріне шын жанашыр болды. Барлық су басқан жердегі 119 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. 45 мыңға жуығы балалар болып табылды. Ең бастысы - адам өмірін барынша сақтап қалдық деді мемлекет басшысы.
-Су тасқынымен күреске этномәдени бірлестіктердің 12 мыңға жуық өкілі қосылды. Олар қайырымдылық және гуманитарлық көмек жинауға жұмылды. Жұртты қатерден хабардар етуге және қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты. Мұнің бәрі – өзара жанашыр және тілеулес болудың айқын көрінісі.
Еліміз қарқынды дамуы үшін ондаған жыл бойы қордаланған мәселелерді шешуіміз керек. Біз күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана болашақ жетістіктердің берік тұғырын сақтап, саясатта, экономикада, мәдениетте және әлеуметтік салада түбегейлі өзгерістер жасай аламыз, -деді.
Ендігі міндет – әділдік, инклюзивтік, прагматизм қағидаларына негізделген және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін жаңа экономика үлгісіне көшу.
Дайындаған
Қ.Ахметова