taza-kaz

Кітаппен дос болайық!


27.01.2021

18-і мен 22 қаңтар күндері аралығында Доскей ауылындағы «Ақбота» бөбекжайында «Кітаппен дос болайық!» атты оқу сауаттылық апталығы өтті. Аптаның мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, үлгі-өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына екенін ұғындыру.

Аптаның ашылу салтанатына барлық топтар «Кітаптың пайда болуы» атты бейнебаян көріп, Алпамыс батыр мен кітап кейіпкерлері балаларға жұмбақ жасырып, өздерінің ертегілерімен таныстырды. Мектеп алды даярлық және жоғарғы топтың тәрбиеленушілері А.Құнанбаев, А.С.Пушкин өлеңдерін оқып, Ы.Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш» сонымен қатар «Жомарт және сараң» халық ертегілерінің қойылымдарын көрсетті. Дене шынықтыру нұсқаушысы мен топ тәрбиешілерімен біріккен «Сиқырланған құлып» атты квест ойынын таза ауада өткізді. «Бала тілі - бал» демекші, «Балапан» кіші тобының балалары да жас ерекшелігіне сай іс-шараларға қатысып, өз еріктерімен  сөрелердегі ертегі суретті кітаптарды қолдарына алып, таныған кейіпкерлерін айтып, өз тілдерінде былдырлап сөйлеп, бір-бірлерімен бөлісті.

Оқу сауаттылық апталығына ата-аналардың қосқан үлесі зор. Мәселен, букроссинг-кітаппен алмасу, топтың қабырға газетін шығару, «Менің елім - Қазақстан» атты тақырыбында эссе жазып қатысу. Ал тәрбиешілер тарапынан ата-аналарға кеңестер берілді.

Осы апта көлемінде балалар көркем әдебиет саласымен тереңірек танысып, мол ақпараттар алып, ойын және іс-әрекеттер түрінде өткізілген шараларға қуана, белсене қатысты. Кітаптар апталығы осындай қызыққа толы шаралармен өтті.

С.Асқарбаева,

«Ақбота»

бөбекжай-

бақшасының

тәрбиешісі

Доскей ауылы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?