Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Абай мұрасы – ұлттың рухани қазынасы
02.12.2025
Бұл күн – хакім Абай даналығының қайта жаңғырып, жас таланттардың жүрегінен жаңа тыныс тапқан ерекше мерейлі сәтке айналды. Халықтың рухани әлемін түлеткен кемеңгер ақынның 180 жылдығына арналған игі бастама көпшіліктің көңіліне жылылық сыйлап, ұлт мұрасының маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.
Байқаудың басты мақсаты - Абайдың асыл мұрасын жас ұрпақтың жан дүниесіне терең сіңіру, өнерге құштар оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, сахна мәдениеті мен шешендік қабілетін дамыту, ел ішіндегі талантты балаларды қолдау. Бұл бастама – бүгінгі күннің рухани сұранысына ғана емес, ертеңге деген сенімге де қызмет ететін игілікті іс.
Игі шараны «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы, «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» ММ және «Руханият» қосымша білім беру орталығы КМҚК бірлесе ұйымдастырды. Облыстың түкпір-түкпірінен келген өнерпаз жеткіншектер үш бағыт бойынша бақ сынады - Абай әндері, Абайға арналған күйлер және ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Әр бала – бір әлем. Әр өнерпаз – сахна төрінде жарқыраған жұлдыз. Сол жұлдыздардың жарығын байқап, болашағына жол ашу – біздің міндет. Өнер бәйгесінде бауырын жаза шауып, маңдайы жарқырап топ жарған жас өнерпаздар келесідей орындарға ие болды.
«Әнді сүйсең менше сүй» номинациясы бойынша Абай әндерін және Абайдың сөздеріне жазылған жаңа заман композиторларының әндерін нақышына келтіріп орындаудан Балжан Нұрғабденова - І орын (үлкен топ), Нұрасыл Рахымбай - ІІ орын (үлкен топ), Аружан Қабдрашева - ІІІ орын (үлкен топ), Тұмарым Әнуарбек - І орын (орта топ), Аметхан Айзада - ІІ орын (орта топ), Ғарифолла Абдулғани - ІІІ орын (орта топ), Құсайын Ерслан - І орын (кіші топ), Серғазы Әли - ІІ орын (кіші топ), Алпамыс Шамеров - ІІІ орын (кіші топ);
«Күй - құдірет, күй - кие» номинациясы бойынша Абай күйлерін және Абайға арналған күйлерді кәсіби орындаудан Серік Бекарыс - І орын (үлкен топ), Ахмет Дәуренбекұлы ІІ орын (үлкен топ), Жания Мұратова ІІІ орын (үлкен топ), Жаныс Қайыркенов - І орын (орта топ), Бибінұр Жасұланқызы - ІІ орын (орта топ), Жанат Ділнәз - ІІІ орын (орта топ), Болат Көркем - І орын (кіші топ);
«Өлең – сөздің патшасы» номинациясы бойынша Абай өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқу бойынша Серік Нұрәсем - І орын (үлкен топ), Мейрам Фатихсұлтан - ІІ орын (үлкен топ);
Мұрат Назерке - ІІІ орын (үлкен топ), Тілеуқабыл Камиль - І орын (орта топ), Інжу Кайыржанқызы - ІІ орын (орта топ), Дәуітбай Сәрсен - ІІІ орын (орта топ), Сатыбалды Ажар - І орын (кіші топ), Сейілхан Хабибулла - ІІ орын (кіші топ), Амангелді Асылайым - ІІІ орын (кіші топ).
Абайдың әр өлеңі – терең ойдың дариясы. Жас өрендер осы дана сөздің қуатын бойына дарытып, көркемдікпен, сезіммен, мәнермен жеткізе білді. «Өлең – сөздің патшасы» номинациясы сөз өнерінің салтанаты болғандай әсер қалдырды.
Құндылықтар өзгеріп, рухани мұраға деген көзқарас әлсіреп бара жатқан уақытта Абай мұрасын дәріптеу – ұлттық болмыс пен тарихи жадыны сақтаудың ең маңызды жолдарының бірі. Бұл байқау - соның жарқын дәлелі.
Жас ұрпақтың өнерге құштарлығы, сахнада өзін еркін көрсетуі, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы - ел ертеңінің кемел боларына сенім ұялатады. Әрбір жеңімпаз – мақтаныш, әрбір қатысушы – үміт шамы.
Байқауға қатысқан барлық оқушыны, дара шыққан жеңімпаздарды құттықтай отырып, өнер жолындағы талаптары мен талпыныстары арта берсін дегіміз келеді.
Хакім Абайдың мәңгілік мұрасы жүректерден орын тауып, ұлт руханиятының алтын қазығы болып қала бермек.
Әлихан Құлжа,
«Руханият» қосымша білім беру орталығы» КМҚК мұғалімі





