taza-kaz

Жыл мұғалімі – Айболат


09.12.2023

Ю.Гагарин атындағы мектептің ұстазы Ербол Айболат «Жыл мұғалімі» облыстық байқауында Рамазан Төребеков атындағы гранттың иегері атанды.

Тоғызқұдық ауылының тумасы Айболат Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды универсиетінің түлегі. 7 жыл мәртебелі мамандық иегері, математика пәнінің ұстазы атанып жүрген Айболат әріптестерінің арасында сыйлы, оқушыларына үлгі бола білген жан. Оны байқау бойы қолдап, қолпаштап жүрген әріптестері мен оқушыларының белсенділігінен-ақ аңғаруға болады. Айболат аудандық «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазы.

«Жыл мұғалімі» байқауының аудандық кезеңінен өтіп, облыстық кезеңге 33 ұстаз аяқ басады. Осы 33 ұстаздың ішінен үздік деп іріктеліп алынған 9-дыққа Ербол Айболат та  кіреді. Үздіктер додасында өзінің білімділігін, біліктілігін көрсете алған жерлесіміз «Жыл мұғалімі» облыстық байқауында Рамазан Төребеков атындағы гранттың иегері атанып, ақшалай сыйлықпен марапатталады.

- Байқаудан алған әсер ерекше. Жаңа ұстаздармен таныстық. Байқау барысында ұйымдастырылған сайыстарда ұстаздардан тәжірибе алмасып, бір-бірімізді жетілдіре түстік. Жетістікке жетуге бастайтын ынталандырушы күш – мотивация алдық. Маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткен әріптестеріме, оқушыларыма ерекше алғыс білдіремін, - дейді Айболат.

Ұстаздық атты ұлы жолда жүріп, білім жолына шыққан оқушыға жарық нұр құюшы мұғалімнің жеңісі үлкен мақтаныш, биік дәреже. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүрген Айболат ұстазды жеңісімен құттықтап, еңбегіңіз жана берсін дегіміз келеді. Табысты, жеңісті күндеріңіз көп болып, шәкірттеріңізге төккен біліміңіз көл болсын!

Б.Жакешова

 

Суретте: Ербол Айболат.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?