Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха- Тағы
Кенттегі маңызды жұмыстар барысы
Жылыту маусымына дайындық - бұл қыс және күзгі мезгілдерге ғимараттардың жылу жүйелерін қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар кешені. Дайындықтың мақсаты – суық мезгілде ғимаратты тұрақты жылумен қамтамасыз ету және апаттардың алдын алу болып табылады.
Өткен аптаның соңында Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын бөлімдер басшыларымен, кент әкімі Халел Рыспековпен бірге Қушоқы кентіне жұмыс сапарымен барды. Қушоқы кентінде биылғы жылы жаңадан жылыту қазандығы салынып жатыр және жаңа су құбырын жүргізу аяқталуда.
Қушоқы кентіндегі 20 МВт қуаттылығындағы жылыту қазандығы «ДА-ИН» ЖШС жүзеге асыруда. Ол өзінің қаражатына жылыту қазандығына керекті қосалқы-технологиялық және негізгі толық кешенін сатып алған. Осы уақытта ғимараттың қаңқасы металл конструкциядан көтерілген, қабырғаларды монтаждауға және шатырын сэндвич панельден жасау үшін толық дайындық жұмыстары жасалған. 4 МВт қуаттылығында 5 қазандық орнатылған. Кожух түкті жылу алмастырғыш МВт және 14 МВт Ресей өндірісінен алдырылған. Көмір жөнелту және шлак пен күлден тазартатын жүйе үшін қораптар мен бункерлер орналастырылған. Циклондар мен жылу алмастырғыштар, конвеерге қораптар әкелінген. Қазандықтардың құбыр байламы жасалып, металл конструкция дәнекерленген.
Бұл туралы Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Бейсембайұлына модульді қазандықты салудың инвесторы «Да-Ин» ЖШС директоры Ермек Нұртазин ақпарат берді.
Жалпы, жылыту қазандығын салу жұмыстарына мыналар кіреді – жылу жүйесін тексеру және жөндеу, құбырлар мен радиаторлардың жарамдылығы тексеру, жылыту жүйесін шаю және қысымын сынау, қазандықтар мен жылу жабдықтарын тексеру, ақауларды жою, жылыту маусымына дайындық актілерін рәсімдеу жатады. Мектептерде, балабақшаларда және басқа әлеуметтік нысандарда бұл жұмыстар жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталуы тиіс.
Ауданымыздың басшысы қазандықты салып жатқан ұжымға стратегиялық объектіні уақытында тексеріп көру, күн суығанда бірден тұрғындарға жылу беруді қатаң тапсырды. Күннің жылылығын пайдаланып, қазандық маңын абаттандыру, асфальт төсеу керектігін айтты.
Сонымен бірге кентте 2021-2026 жылдар аралығында жүзеге асуы тиіс су құбыры жаңартылуда. Мердігер Павлодар қаласынан «КазЕвроСтрой» ЖШС. Осы уақытта 20 км су жеткізгіш құбыры, сумен жабдықтау желілері 283 1,5 метрлік құдық орнатылып, 21 метр тереңдікте 4 скважина қазылған. Судың дебеті – 11, 0 л/с, 1400 куб. м. сыйымдылықта екі резервуар таза су құйылып, бекітілген. Екінші көтергіш насос станциясының салынуы қолға алынған, су тазалау станциясының іргетасы құйылған.
Насос станциясын абаттандыру, сорғы станциясының құбыр байламын іске қосу, баптау жұмыстарын соңына жеткізу жұмыстары алдағы күндер үлесінде.
Заманауи талаптарға сай келетін шетелдік су құбырының құрал-жабдықтарымен Ерлан Бейсембайұлын «КазЕвроСтрой» ЖШС директорының орынбасары Руслан Еркінұлы Жүсіпов таныстырды.
- Бұл құрал-жабдықтардың барлығы қалыпты жұмыс істеуі керек. Осы жылы кезде барлық жұмыстарды атқарып алыңыздар. Күн суытқанға дейін жеткізбеу керек. Бар күшті салып, қолға алған жұмыстарыңызды жауапкершілікпен атқарыңыздар. Сіздерге қаражат берілді, ол жағынан мәселе жоқ, енді бәрі өздеріңізге байланысты, - деді ауданымыздың басшысы. Жұмыс сапарында Ерлан Бейсембайұлы Мәдениет үйіне барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Қысқы-күзгі кезеңге сапалы дайындық жүргізу - үй-жайлар, көпшілік мекемелердің қыс айын жайлы өткізуге, олардың атқарып жатқан жұмыстарының табысты болуына әкеледі. Қушоқы кентінде жүріп жатқан үлкен жұмыстар – ауыл тұрғындарының игілігі үшін жасалуда.
Қ.Ахметова
Ж.Макишевтің және Т.Естай суреттері.





