taza-kaz

Бұқар жырау ауданының прокуроры тағайындалды


09.04.2026 15:02

6 сәуірде Бұқар жырау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында актив отырыс өтті. Оның жұмысына аудан әкімі Ерлан Құсайын, аудандық мәслихат төрағасы Асхат Әли, Бұқар жырау ауданының судьясы Мақсат Досжанов, Полиция басқармасының басшысы Ержан Ыбырай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауданымыздың мекемелері мен бөлімдерінің басшылары, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері қатысты.

Актив жұмысын ауданымыздың басшысы Ерлан Бейсембайұлы ашып, сөз кезегін Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Ерлан Артығалиұлы Төреге берді.

Ол актив мүшелерін ауданымыздың жаңа прокурорымен таныстырды.

- Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Бұқар жырау ауданының прокуроры лауазымына кіші әділет қызметкері Алмат Қуатұлы Наханов тағайындалды. Алмат Наханов еңбек жолын прокуратура органдарында 2016 жылдан Балқаш қаласы прокуратурасының прокуроры қызметінен бастаған.

2017-2023 жылдар аралығында Теміртау қаласы, Қарағанды және Ұлытау облыстары  прокуратураларында қызмет атқарған. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметіне тағайындалған.

2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінде Бас прокурордың көмекшісі лауазымын атқарды, - деді.

Алмат Қуатұлы актив мүшелерінің алдында Бұқар жырау ауданында «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» ұстанымдарын, «Заң мен тәртіп» қағидатын, тәртіп пен заңдылықты нығайту, адам құқықтарын қорғау жолында аудан активімен бірге қызмет ететінін жеткізді. 

Осы күні Бұқар жырау ауданы прокурорының орынбасары болып Бектас Абайұлы Омарбеков тағайындалды.

Ауданымыздың басшысы Ерлан Бейсембайұлы:

– Мемлекет басшысының қойып отырған талаптарын, «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» ұстанымдарын, «Заң мен тәртіп» қағидатын орындау барлық мемлекеттік қызметшілердің, барша азаматтың, біздің әрқайсымыздың жауапты міндетіміз. Осында отырған барлық азаматтардың көздегені де осы.  Өлкемізді, елімізді, облысымызды дамытуға бірге үлес қосамыз деген сенімдемін, - деді Ерлан Бейсембайұлы.

Қ.Ахметова

Ж.Макишевтің суреттері



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?