taza-kaz

«Polymet Solutions Corporation» ЖШС-ндегі Наурыз


10.04.2025 10:59

Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын, аудандық мәслихат төрағасы Асхат Әли «Polymet Solutions Corporation» ЖШС Наурыз мерекесіне барды. Күн мен түннің теңесіп, құстардың еліне қайтып оралатын уақыты – Наурыз айы. Дәмді қылып Наурыз көже жасап, мерекеге келген барлық адамдарға дәмін татыратын - Наурыз мейрамы. Қазақтың ақ шаңқан киіз үйін тігіп, оның ішін қазақ ұлтына тән керек-жарақтармен толтырып қоятын да осы мейрам. Таңнан бастап ән шырқайтын, би билейтін, ақ тілектер ақтаратын – осы мейрам.

 

Бұл мереке күнадан тазару, киім-кешектерді тазарту, үйді тазарту, жамандықтан және өшпенділіктен тазару мерекесі. Адамдарды басқалардың күнәлары мен жамандықтарын кешіруге шақырады. Қазақ ақсақалдары мерекеде араздасқан рулар мен тайпалармен татуласатын болған.

Қазақтың төл мерекесін өзіне қайта сыйлаған – әйгілі қазақ ақыны Мұхтар Шаханов. Қазақстанда 1926 жылдан бастап Наурызды тойлауға тыйым салынған болатын. Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деп аталады. Түркі халықтары, біздің ата-балаларымыз Наурыз мейрамында ақ киімдерін киіп, бір-бірін ұлық мерекемен құттықтайды. Бұл күні елді мекендердің тұрғындары бұлақ, бастау, су қоймасы мен құдықтардың беттерін ашып, тазартады. Мейрамда үйде міндетті түрде қымыз, шұбат, сүзбе секілді ақтан жасалған тағамдар орын алуы керек. Егер сүт болмаса, ыдыс-аяқты бұлақ суымен толтырып қояды екен. 22-наурыздың түнінде қазақ ұлты  қиял-ғажайып аңыздардағы бейне – Қызыр атаны күтеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік осының бәрін назарында ұстаған – ақ шаңқан киіз үйлер тігіп, ішін небір бұйымдарға толтырған, ақ дастархан жайып, ақтан жасалған өнімдері мен қазақтың көптеген ұлттық тағамдарын жарқыратып дастарханға қойған.  Киіз үйлердің сайысына ауданымыздың басшысы Ерлан Бейсенбайұлы әділ қазылық жасады.

Мейрамның ашылуында компания бас директорының кеңесшісі Ермек Аманұлы бата берді. Наурыз мейрамына облыс орталығынан көптеген сыйлы қонақтар шақырылыпты. Ол кісілер ең алдыңғы орынға жайғасыпты.

 

Ауданымыздың әкімі Наурызға жиналған жұртшылықты Наурыз мейрамымен құттықтады.

- Қадірлі жерлестер, ардақты ардагерлер, ең алдымен баршаңызды бүкіл еліміз асыға күтетін, тағатсыздана тосатын Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Бұл күн біздің ұлтымыз үшін ерекше деп білемін, талай қиын-қыстау кезеңдерді халқымыз  басынан кешірді. Наурыз мейрамын біз өткен ғасырдың 26-жылдарынан 88-жылға дейін тойламай келдік. Басынан бағы таймаған халқымыз 90-жылдардың басында өшкені жанып, осы  Наурыз мейрамымен қайта қауышты. Бүкіл Түркі жұртымен бірге Наурыз мейрамын атап өтіп келеді. Наурыз – ол жаңаруды, жаңа өмірді білдіретін ерекше кезең. Барлық ұлтты бір шаңырақтың астына біріктіретін мереке. Зауыт басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз. Өзгерісті сырттан келіп ешкім жасап бермейді. Өзгерісті біз өзіміз жасауымыз керек. Қарапайым еңбек адамдары, сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз. Наурыз тойы құтты болсын, - деді.

Келесі құттықтау сөз ЖШС-ң басшысы Қуандық Орынбекұлы Қазанғаповқа, кезегімен осы тойға келген құрметті қонақтарға берілді. Әрбір қонақ тебіреніп, жиналған жұртшылыққа жүрек төрінен шыққан ақ тілектерін білдірді.

Осы шарада серіктестік ардагерлерінің немерелеріне үлкен құрмет көрсетілді. Оларды сахна төріне шақырып, тәттіден сыйлық үлестірді. Олар өз кезектерінде жиналған қауымға өлеңдерін оқып берді. Далада оларды арнайы адамдар ат үстіне отырғызып, жүргізді.

Жарапазан айтылып, концерттік бағдарлама басталып кетті. Ән мен күйден жиналған тойшыл қауымның көңіл-күйі аспанға шалқыды. Жыл сайын келетін Наурыз тойы әрбір шаңыраққа береке, молшылық, шаттық пен қуаныш әкелсін!

Қ.Ахметова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?