taza-kaz

Республикалық қоғамдық қабылдау


17.03.2025 15:34

13-наурызда аудандық Мәдениет үйінің ғимаратында Бұқар жырау ауданының тұрғындарын алаңдатып жүрген мәселелер бойынша республикалық қоғамдық қабылдау өтті.

 

Біз Қарағанды облысы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сұңғатұлла Төлеуұлы Жексенбаевты әңгімеге тартқан болатынбыз: 

- Бүгін кенттеріңізге Астана қаласынан республикалық қоғамдық қабылдау қызметкерлері Азамат Ғалымжанұлы Жолданбаев, Қымбат Тасжанқызы Ілиясова, Сағындық Олжабайұлы Жылқыбаев, Қарағанды облыстық «Аманат» партиясының филиалы тарапынан Қарағанды облыстық «Аманат» партиясы филиалының атқарушы директоры Гүлсім Шабданқызы Қожахметова бастаған азаматтар, Бұқар жырау аудандық филиалының торағасы А.Бозаева, мәслихат төрағасы А.Әли, Ботақара кентінің әкімі А.Отыншиев, Қарағанды облысының адвокаттар алқасының қызметкерлері, «Сарыарқа» АӨК АҚ, жеке сот орындаушылар, «Отбасы банкі» қызметкері келді.

Сонымен бірге, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов та тұрғындарды қабылдауға арнайы келді. 

 

Бұндағы басты мақсат - аудан тұрғындарын мазалап жүрген сұрақтарды тыңдап, қиындықтан шығуға кеңестер беру. Осы уақытта көптеген сұрақтардың шешімі табылды деп айтуға болады. Біз біршама уақыт боламыз, келген адамдарға жауап беруге дайынбыз, - деді.

Қатар-қатар қойған үстелдердің басынан аудан орталығындағы мекемелер – білім бөлімінің басшысы Е.Ермек, аудандық орталық аурухана басшысының міндетін атқарушы А.Мергенбаева, Мансап орталығының басшысы Д.Болатова, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту орталығының басшысы Г.Абжанова, Ботақара кентінің әкімі А.Отыншиев, коммуналды шаруашылық, жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары  бөлімінің басшысы Б.Жаңбырбаев т.б. мекемелер мен бөлімдер басшылары орын алып, тұрғындарды қабылдап, сұрақтарды тыңдап, кеңестер беріп жатты.

Аудан тұрғындарының көтерген мәселелері – қаңғыбас иттердің көбеюі, балабақша мәселесі, аудан төңірегіндегі заң бұзушылыққа қатысты, аудан орталығындағы автобус қатынасы, көше тазалығы, МӘМС-ке қатысты сұрақтар, жеке сұрақтар қойылды. Бір жерде бірнеше басшының отырғаны тұрғындар үшін қолайлы болды, олар уақытын үнемдеп, басшыларға өздерін алаңдатып жүрген мәселелерін ортаға салды, жауаптар алды.

Өмір болған, тіршілік болған жерде сұрақтардың орын алуы заңды. Буырқанып жатқан өмірімізде кемшіліктер де орын алып жатқан салалар бар. Кез келген елді мекеннің тұрғыны үшін өмір сүруге жайлы жағдайлар туғызу – мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің бірден-бір міндеті. Сондықтан, олар қай уақытта болмасын қолжетімді, болып, тұрғындардың өтініштерін тыңдап, көңілдерінен шығып, жұмыс істеулері керек.

 

Кентіміздің тазалығы, жарықтандырылуы, балалардың ойын алаңдары, спорт алаңдарының адамдар үшін қауіпсіз болуы да маңызды. Күн жылынып, ойын баласы далада асыр салып ойнайтын кезең тақалып келеді. Осы орайда, кентіміздің құзырлы мекемелері қажетті жағдайдың барлығын жасауы керек. Топан судан туатын қатерлердің барлығының алдын алу жолында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

Бұл қабылдау басқалардан өзгешелеу болды демекпіз. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, бірлесіп талқылаған мәселе шешімін табары анық.

Қ.Ахметова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?