
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жаңа жылмен құттықтады
27-желтоқсанда, келе жатқан Жаңа жылдың қарсаңында ауданымыздың әкімі Ерлан Құсайын Үштөбе ауылында тұратын көп балалы отбасы Нұржан Жарылғасынұлы мен Жаннұр Олжабайқызы Сатыбалдиндердің шаңырағына барып, отбасына жүрегінен шыққан ізгі тілектерін білдіріп, сый-сияпат ұсынды.
Отбасы көп балалы анаға мемлекетіміздің тарапынан бекітілген арнаулы жәрдемақы алады.
Күміс және Алтын алқа иегері Жаннұр Олжабайқызының білімі орта арнаулы, мейірбике болып қызмет істеген. Қазіргі таңда үй шаруасында, бала тәрбиелеп отыр. Отағасы Нұржан Жарылғасынұлы «ИнтерГаз» кәсіпорынында бас инженер болып қызмет етеді.
Отбасындағы жеті бала ата-ананың мейіріміне бөленіп, өсіп келеді. Ақерке «Дарын» арнаулы мамандандырылған мектебінде 10 сынып оқыса, Әлихан Үштөбе тірек мектебінің 7 сыныбында, Ділдә осы мектептің 3 сыныбында, Әмина мектеп алды даярлық сыныбында, Адина, Медина мен Раяна әлі мектепке бармайтын балдырғандар.
Бақытты балалық шақта уайымсыз, асыр салып ойнап, ата-анасы мен туыстарының жанында өсіп келе жатқан балалардың болашағы жарқын. Мектептерінде алаңсыз білім алып, көңілдеріне жақын өнер түрімен айналысып, өсіп келе жатқан балаларды құттықтап, отбасының қал-жағдайын сұрап келген ауданымыздың басшысы мен ауылдық округ әкімі Әлем Көпбаева өздерінің қызмет аясында тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін үнемі назарларында ұстайды.
- Біз сіздерді құттықтайын деп, шаңырақтарыңызға келіп қалдық. Жаңа жыл құтты болсын. Бізден көмек керек болса, айтыңыздар. Ең үлкен еңбек – осы балаларды жақсылап тәрбиелеп, үлкен азамат, мамандар қылып өмірге қанаттандыру. Еңбектің ең үлкені осы, -деді Ерлан Бейсенбайұлы.
- Басымызда баспанамыз, өмір сүруіміз үшін керектінің барлығы бар. Бүгінгі күні еңбек еткен адамның өмір сүруге деген барлық жағдайы болады, тек ерінбеу керек, жанашырлықтарыңыз бен қамқорлықтарыңызға рахмет, - дейді Жаннұр Олжабайқызы.
Әлем Қайыржанқызы Үштөбе ауылдық округінде көп балалы отбасылар біршама тіркелгендігін айтады. Ақерке құттықтап келген адамдарға арнап, ән шырқап берді.
Көп балалы отбасы – еліміздің байлығы, осындай отбасыларға мемлекет тарапынан қамқорлық қажет.
Осындай қамқорлықтың бірі Жаңа жыл алдында жасалды деген ойдамыз.
Қ.Ахметова