
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Рухани жаңғыру
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жұмыс сапарымен келді
Қаңтар айының 8 жұлдызында Бұқар жырау ауданына қарасты Самарқанд ауылындағы жаңадан салынып, пайдалануға берілген ауылдың дәрігерлік амбулаториясына жұмыс сапарымен Парламент мәжілісінің депутаттары Құдайберген Бексұлтанов, Асхат Аймағамбетов, облыс әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков, облыстық денсаулық басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова, Бұқар жырау ауданының басшысы Ерлан Құсайын, «Аманат» партиясының аудандық филиалының төрағасы Анар Бозаева, орталық аурухана басшысының міндетін атқарушы Айгүл Мергенбаева келді. Заманауи үлгіде салынған емдеу мекемесі алыстан көз тартады, ішінде қызмет көрсететін дәрігерлік персонал да келушілерді жылы қабылдап, төрге оздырды.
Жаңаның аты жаңа, осы жаңа мекемеге ауыл тұрғындары да қабылдауға келіп жатты. Әрбір медицина қызметкері оларды қабылдап, керекті ем-домын жазып беріп жатты. Жалпы медициналық еңбек өтілі 50 жыл, осы мекемеде 26 жыл мейірбике болып қызмет етіп жүрген Жұмакүл Әшімқызы Әлкеева келген қонақтарға жол нұсқады. Жуырда емдеу мекемесіне Арайлым Мырзахметова бас дәрігер болып тағайындалыпты. Ауылда тұратын тұрғын саны 1100 адам екен.
Атқан таңда медицина саласының жұмысына қойылатын талап өте үлкен. Басы ауырып, балтыры сыздаған кездерде адам баласы дәрігерге көп үміт артады. Ауданымыздың басшысы Ерлан Бейсенбайұлы ауылдың тұрғыны Сәміш Шұғайып ақсақалмен сұхбат құрды. Ақсақал жаңа емдеу мекемесіне өте риза.
- Мына әдемі ғимаратқа кірген адам қуанғанынан өзі-ақ жазылып кетеді ғой, - дейді қуанышымен бөлісіп.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасының аясында екі жылдан бері Қарағанды облысында 92 емдеу мекемесін салу жоспарланған екен. Бұқар жырау ауданында 20, Қарқаралы ауданында 20, Шет ауданында 20 нысан салынып, басқалары жөндеуден өтіп, пайдалануға беріледі.
Бибігүл Райханқызы:
- Ауылда 50-ден аса тұрғын тұрса, ол жерге медициналық пункт салыну керек. Ол – заман талабы. Облыс бойынша ауылдарға 101 дәрігер қажет. Осындай емдеу мекемелерінде міндетті түрде дәрігер, акушер, фельдшер қызмет көрсетуі қажет. Бұқар жырау ауданы елді мекендер мен тұрғындар саны бойынша үлкен аудан. Алдағы уақытта 117 жедел жәрдем көлігін алмақпыз, дәрігерлер күні мерекесі қарсаңында оларды емдеу мекемелеріне тапсыру жоспарымызда. Осы жаңадан салынған нысанда күндізгі стационар, физиотерапия, ЛФК, дәріхана қызмет көрсетеді, осының алдындағы ескі мекемеде физиотерапия болмаған, - дейді.
Келген қонақтарды Бибігүл Райханқызы бастап, жұмыс кабинеттеріне кіргізді. «МСК строй корпорациясы» түгел дерлік емдеу мекемелерін ауданымыздың төңірегінде салып жатыр екен. Дәрігерлік амбулаторияның салыну шығыны – 280 миллион, фельдшерлік акушерлік пункт – 170 миллион, медициналық пункт – 65-70 миллион теңге шамасында қаржыны керек етеді екен.
Заман талабы – даму, жаңашылдыққа ұмтылу, қойылған талап үддесінен шығу болса, қазіргі таңда медицина саласындағы қызмет әлі де болса ілгерілеушілікті талап етеді. Асхат Аймағамбетов облыс орталығындағы емханаларда тіркеліп тұрған науқастар жылына екі рет медициналық тексерістен өтіп, керекті ем-доммен қамтамасыз етілу керектігін, осыны үнемі назарда ұстау қажеттігіне тоқталды. Сонымен бірге адамдар дәрігерге қабылдауға шақырылмай, мынандай дәрілер алды, емдеу жасалды, дәрі-дәрмек шығындалды деген хабарламалар келетінін өзінің отбасының тәжірибесінен келтірді.
Осы күнгі жұмыс сапарының мақсаты – ауылдық жерлердегі тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату, медицина қызметкерлеріне қойылатын талаптар, алдағы жылдары жоғарғы, орта арнаулы оқу орындарында медицина мамандарын даярлау, еңбек ету үшін ауылдық жерлерге жіберу, баспанамен, көтерме ақымен қамтамасыз ету жөнінде сұхбат құру болатын.
Денсаулық – адамның жаны мен тәнінің амандығы, адамның баға жетпейтін байлығы. Адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек.
Еліміздегі халықтың денсаулығын нығайту жолында біршама шаруалар атқарылып, мемлекетіміз осы салаға ерекше көңіл бөлуде. Бұқар жырау ауданында 2023 жылы екі фельдшерлік акушерлік пункт халықтың игілігіне тапсырылса, үшеуі 2024 жылы пайдалануға беріліпті. Алдағы уақытта он бес емдеу мекемесі салынып, аудан тұрғындарының денсаулықтарын нығайтуға беріледі.
Қ.Ахметова