taza-kaz

Мәдениет және өнер қызметкерлеріне тарту


26.12.2024 10:17

18-желтоқсанда аудандық мәдениет үйінде аудан төңірегіндегі мәдениет және өнер қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырған үлкен шара дүбірледі. Негізі, бұл шара көктем айында өтуі керек болатын. Көктем айында топан судың еліміздің біршама бөлігін басып, адамдар үйсіз-үйсіз қалған соң, барлық қаржылай көмек сол жаққа бағытталған еді. Елімізде көңіл көтеретін шаралардың өткізілуіне тоқтау салынды. Осы себепті мерекенің уақыты жылжытылып, сәті түсіп, орын алған күні осы аптаның сәрсенбісі болды.

 

Кіре беріс фойеде орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерінің күшімен дайындалған «Кітап – алтын қазына», «Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы» атты тартымды көрме ұйымдастырылыпты.

 

Аталған уақытта мәдениет үйінің іші лық толды. Мәдени қызметкерлер бар, олардың қасында бірді-екілі отбасының мүшелері, тізгіншілері бар демекші, басқа шараларға онша  жинала қоймайтын көрермендер осы шараға үлкен белсенділікпен келді. «Ине шаншар жер болмады» деп айтсақ, артық айтпағанымыз. «Бұқар жырау ауданы әкімінің сыйақысы» өмірін мәдениет саласына арнаған қажырлы адамдардың қайсына тиісілі болғанын білгіміз келіп, алабұрттық.

Шара «Эдельвейс» үлгілі хореографиялық ансамблі бишілерінің орындауындағы «Бақыт алу үшін кезек» композициясымен басталды. 

Ең алдымен ауданымыздың басшысы Ерлан Құсайынға сөз кезегі берілді.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мәдениет пен өнер – ел өміріндегі ең маңызды сала. Өнер - ұлттың жаны, ал мәдениет – рухани келбеті.  Бұл қос құндылықты  өркениетіміздің өзегі деуге болады.  Оны сақтап, байыта түсу - ортақ парыз. Әбіш Кекілбайұлы «Мәдениет тарихы - түптеп келгенде адамзат тарихы» деген. Қазақтың бітім -болмысын оның төл өнерінен көруге болады деген болатын. Өнер мен мәдениет – егіз ұғым. Ауданымыздың мәдениет саласында кешенді шаралар жасалып келеді.

Ауданымыздың аумағында 76 мемлекеттік нысан, 38 кітапхана, 37 клуб, бір аудандық мұражай адамдарға рухани қызмет көрсетіп келеді. Өздеріңізге белгілі, Жаңаталап және Шешенқара ауылдарында жаңа мәдени нысандар салынып, ауыл тұрғындарының игілігіне берілді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында үш ауылда заман талаптарына сай мәдени ошақтар салынып жатыр. Доскей, Үштөбе ауылдарында мәдениет үйлері пайдалануға беріледі, Көкпекті ауылындағы клуб келесі жылы тапсырылады. Центральный ауылындағы мәдениет нысанына 148, 5 миллионға жөндеу жұмыстары жүргізілді, -деді өңіріміздің басшысы.  

Адамдарға жылылық, махаббат пен қуаныш сыйлап жүрген өнер саласының қызметкерлерін марапаттау да көп күттірмеді. Биылғы жылдың Қарағанды облысы әкімінің «Үздік кітапханашы»   дипломы мен 1 000 000  теңге ақшалай сыйлығы  Рахимова Ботагөз  Төлеутайқызының еншісіне бұйырғанын айтты жүргізуші. Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Петровка ауылдық үлгілі кітапханасының кітапханашысы Мұқашева Кенжеғайша Әбікенқызы, Жаңаталап ауылының кітапханашысы Жамкеева  Рымкүл Әскерқызы марапатталып, екеуі де «Еңбек даңқы» төсбелгісіне ие болды. «Қазақ халқының мәдениетін дамыту және сақтау жөніндегі мәдениет қызметкері» дипломы және 100 000 ақшалай сыйлықпен Бұқар жырау аудандық мәдениет үйінің «Зерде» бейнемобилінің музыка жетекшісі Маемеров Қайролла Белгібайұлы, «Үлгілі кітапхананың үздік кітапханашысы» номинациясымен және 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен Рощупкина Оксана Владимировна, «Мамандығына адалдығы үшін» дипломы және 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен Асқарова Майгүл Насырқызы, осы номинациямен Қушоқы кенті мәдениет үйінің меңгерушісі Аманжолова Ольга Михайловна, «Ең үздік ауыл кітапханашысы»  номинациясының дипломы және 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен және Қарағанды облысы мәдениет Басқармасының Құрмет грамотасымен Әмірова Тұмар Батайқызы марапатталды. «Үздік музей қызметкері» номинациясы бойынша дипломдармен Күлмағамбетова Гүлраушан Рысбекқызы мен аудандық музейдің қор сақтаушысы Макеева Айгүл Темкенқызы екеуі де 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен  марапатталды. 

 

«Үздік архивші» болып аудандық архив архившісі Валентина Александровна Арашкевич, «Ауылдық клубтың үздік қызметкері» Андренниковка ауылының  клуб меңгерушісі Сәбитова Лариса Петровна, «Мәдениет майталманы» сыйлығына «Зерде» бейнемобилінің мәдени ұйымдастырушысы Жұмағали Айханұлы Елжанов, «Мәдениет  саласының үздігі» төсбелгісімен Ғ.Мұстафин кентіндегі балалар кітапханасының меңгерушісі Дик Инзиля Ғалимұратқызы лайықты болды. Ауданымыздың мәдениетіне қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Қушоқы кентінің мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Шатохина Валерия Михайловна Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Бұл күні тағы да көптеген мәдени қызметкерлер түрлі марапаттарға ие болды. Бұқар жырау аудандық мәслихатының төрағасы Асхат Әлидің қолынан «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен тіл жанашыры, «Ұлт мақтанышы» төсбелгісінің иегері Төлеубаева Зәуре Әубәкірқызы, осындай төсбелгімен Шешенқара ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Борашева Жанна Амангелдіқызы марапатталды.

Мәдениет қызметкерлері күніне орай тағы да 30-дан астам марапаттар тапсырылды.

Осы мерейлі күн иелеріне арнап облыс орталығынан келген «Арай» квартеті, Н.Боцманның жетекшілігіндегі «Эдельвейс» үлгілі хореографиялық ансамблі, домбырада Медет Осатаев, т.б. өнерпаздар өнер көрсетіп, көрермендерді шаттыққа бөледі.

 

Қ.Ахметова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?