taza-kaz

Көкпектіліктер тілектерін жеткізді Врезка:15-мамырда ауданымызға қарасты Көкпекті ауылында Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғалидың, ауылдық округ әкімі А.Досмақовтың округ тұрғындарымен кездесуі өтті.


03.06.2024 12:02

Ауданымыздың әкімі Абылай Сұлтанғали осында келу мақсатын түсіндіріп, өзімен бірге келген аудандық мәслихат төрағасы Асхат Әлимен,  мекемелердің басшыларымен таныстырып,  атқарып жатқан жұмыстарына есеп беру үшін ауылдық округ әкімі Айдын Досмақовқа сөз кезегін берді.

Көкпекті ауылы – қалаға жақын орналасқан елді мекен. Айдын Төлеуханұлы әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардан 769 сауал түскенін айтады. Бұл сауалдардың көпшілігі инженерлік, коммуналдық және жарықпен қамтамасыз ету саласына қатысты дейді. Осы уақытқа дейін округте 20 жоспарлы жарық өшіру шаралары өткен. Ауылда электр маманы осы уақытқа дейін болмағандықтан, 2013 жылдың қазан айынан екі тұрғын оқытылып, арнайы біліктілік алып, жұмысқа кіріскенін айтады. Байқадам ауылына да бір электрик маман алыныпты. «Қарағанды Жарық» ЖШС ендігі уақытта  электрмен қамтамасыз ететін объектілерінде, подстанцияларда толық жөндеу жүргізілетінін айтады. Байқадам мен Көкпекті ауылдарында бау мен бақшалар суарылуына байланысты, тұрғындарға ауыз су жетпей қалатыны, биылғы жылы ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су мұнарасы қосылатынын тілге тиек етті.

Маршрутты автобустар мәселесі, биылғы жылы Көкпекті және Байқадам ауылдарында қосымша су құбырлары орнатылатынын, қаңғыбас иттердің мәселесі де орын алғанын, бүгінге 128 қаңғыбас иттер ауланып, арнайы орынға жіберілгенін жеткізді. Ауылдық округтің жолдары да көңіл көншітпегенін, осыған орай Көкпектіде шұңқырлар тегістеліп, жолдар жөнделгенін, Байқадам ауылындағы жолдарда жөндеу жұмыстары өткенін де айтты.  

Жылдыбай Арғын қаңғыбас иттерге арналған уақытша қамау орны қайда орналасқан, қамау уақыты өткен соң қандай жұмыстар атқарылады, Г.Сырғабаева  қоқыс төгілетін контейнерлер қойылады  ма деген сұрағын қойды. Ауыл тұрғыны Раушан Тоқжігітова ауылдың жарық мәселесіне қатысты көптеген сұрақтарын, сонымен бірге ауылға газ кіре ме, орталық жылытуға қол жете ме дейді. Жылдыбай Арғын ауылдың электр сымдары жалғанған бағаналары тозығы жетіп, құлағалы тұр, жалғамалы сымдар қатты желде үзіліп жатады, сондықтан, электр энергиясының тоқты жоғалтуы орын алады дейді.

Ауылдың байырғы тұрғыны Марат Бекішев ауыл жастарының біршамасы спортшылар, сауықтыру кешені салына ма дейді. Ардақ Елебаев ауыл әкіміне алғысын айтып, жастардың волейбол, баскетбол ойнауларына, қыста айналысуға арналған жабық корт салынса дейді. Ауылдың тұрғыны, зейнеткер  Әубәкір Қазанбаев Қарақұдық ауылындағыдай спорт кешені салына бастаса қалай болады дейді.

Әр ауылда өтіп жатқан кездесулер тұрғындар мен билік басындағы азаматтардың пікірлесу, болашаққа жоспар жасау алаңы. Жыл сайынғы кездесулерде Бұқар жырау ауданындағы 68 елді мекен тұрғындары өздеріне маза бермей жүрген сұрақтарды қойып, оларға жауаптар алады. Әрбір істің басталуы, сапалы орындалуы үлкен қаражатты қажет етеді. Осы шаруаның бәрін бастаудың алдында көптеген заңнамалық жұмыстар атқарылу керек. Оның бәрі уақыт алады.

Әрбір ауылдың азаматтарының өз ауылының дамуына қосар үлесі болуы керектігін айтады өңіріміздің басшысы.

-Әрбір елді мекеннің өз ауылына түсірер салығы да қомақты болуы керек. Ал «Қарағанды Жарықтың» электр энергиясын беруіне қатысты, оның иелігіндегі бүкіл құрал-жабдық ескіріп, тозығы жеткен. Ең алдымен ол мекеме өзінің отырған жеріндегі құрал-жабдықтарды жаңартудан жұмысын бастайды. Ауылдың ауызбіршілігі бірінші кезекте тұр. Ауылдың тұрғыны өзінің тұратын жерін, паркін, т.б. дұрыс жағдайда болуын үнемі назарда ұстауы керек. Сенбілік барысында мен ауылдарыңызға бес рет келдім. Жұмыс істеп жүрген әкімдіктің қызметкерлерін ғана көрдім. Ауыл халқы қайда сонда. Неге өз ауылдарыңыздың тазалығын қадағаламайсыздар?-деді.

Осы кездесуде ауыл тұрғындарына біршама ақпарат пен түсінік берілді. Кездесу соңында Абылай Сұлтанғали қай  уақытта болмасын ауыл адамымен кездесуге өзі де, мекемелер басшылары да дайын екендігін айтып, қоштасты.

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суреттерінде:  залдан сұрақ; жеке кездесу.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?