taza-kaz




www.egov.kz. веб-порталы арқылы беруге болады. Қазіргі уақытта тестілеуден өтіп жатқан ақпараттық жүйе арқылы борышкердің қажетті өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан мүдделі  мемлекеттік және өзге де органдардың деректерімен автоматты  түрде салыстырып тексеру жүргізілетін болады. 

Өтінішке кредиторлардың атауын, берешек сомасын, орналасқан жерін көрсете отырып кредиторлардың тізімі; борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеу және (немесе) өндіріп алу шараларын қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. 

Сот арқылы банкроттық қашан қолданылады? 

Азаматтар аталған рәсімді 1600 АЕК-тен астам борыштар бойынша (2023 жылы – 5 млн 520 мың теңге) және кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша қолдана алады. 

Сот арқылы банкроттық барысында борышкердің мүлкі сауда-саттық кезінде сатылады. Алайда, бұл жерде ескеретін тұстар бар. Кредитор сот арқылы банкроттық барысында борышкердің жалғыз баспанасын тек ол кепіл нысанасы болған жағдайда ғана алып қоюға құқылы. 

Қалған өтелмеген сома борышкердің жосықсыздығы белгілері болмаған жағдайда есептен шығаруға жатады, яғни мүлікті немесе ол туралы ақпаратты жасыру, жалған ақпарат ұсыну және т.б. 

Сот арқылы банкроттық рәсімін қаржылық басқарушылар жүзеге асырады, олардың құрамына: 

 - заңды тұлғалардың және ДК банкроттығы рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер; 

- кәсіби бухгалтерлер;

- заң консультанттары;

- аудиторлар кіреді. 

Қаржылық басқарушылардың көрсететін қызметтері ақылы болып келеді. Олардың қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі ( бір айдағы 1 ЕТЖ,  2023 жылы –  бұл 70 мың теңге). Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, мүлкі жоқ тұлғаларға қаржылық басқарушылар  қызметті тегін көрсетеді. Қаржылық басқарушылардың тізімі (Тізілімі) ҚР Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады. 

Назар аударыңыз! Осы рәсімді қолдану барысында борышкерге:

- мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау бойынша мәмілелер жасасуға (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беруге);

- шетелге шығуға тыйым салынады.

Осы рәсімді қолданғаннан кейін борышкерге «банкрот» мәртебесі беріледі.

Өтінішті қалай беруге болады? 

Өтінішті 2023 жылғы наурызда борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беруге болады. Банкроттықты өткізу мерзімі – 6 ай, оны тағы алты айға ұзарту мүмкіндігі бар. 

Өтінішке:

- берешек сомасы мен олардың туындаған күнін, тұрғылықты жерінің немесе орналасқан жерінің мекенжайын, оларға кейін хабарлау үшін электрондық мекенжайлары және байланыс телефондардың нөмірлерін (мұндай ақпарат болған кезде) көрсете отырып барлық кредиторлар мен дебиторлардың тізбесі;

- банкрот деп тану туралы өтінішпен жүгінуден алты ай бұрын жасалған бағалау туралы есепті (ол болған кезде) қоса беру арқылы борышкер мүлкінің тізімдемесі;

- азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де міндеттемелердің, оның ішінде талаптары борышкер мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш бергенге дейінгі соңғы үш жылдағы тізбесі;

- борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті реттеу шараларын қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қашан қолданылады?

Тұрақты кірісі бар азаматтар осы рәсімді қолдана алады, ол борышты 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін сот арқылы алуды көздейді. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге өтініш беруді жоспарлап отырған борышкер үшін жалғыз шарт – борыш мөлшері қарыз алушыға тиесілі мүліктің құнынан аспауы керек.

Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі. Қалпына келтіру шаралары:

- мүліктің бір бөлігін сатуды; 

- мүлікті жалға беруді;

- жаңа үй сатып алу арқылы тұрғын үйді сатуды; 

- құны төмен тұрғын үйге айырбастауды және басқаны қамтиды.

Назар аударыңыз! Бұл рәсімнің басымдылығы осы рәсімнен кейін борышкерге «банкрот» деген мәртебе берілмейтіндігі, яғни оған банкрот болған адам үшін көзделген салдарлар қолданылмайды, сондай-ақ шетелге шығу түрінде шектеулер жоқ.

Өтінішті қалай беруге болады?

Өтінішті 2023 жылғы 3 наурыздан бастап борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беруге болады.

Өтінішке:

- қажетті ақпаратты көрсете отырып барлық кредиторлар мен дебиторлардың тізбесі;

- азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де міндеттемелердің, оның ішінде талаптары борышкер мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш бергенге дейінгі соңғы үш жылдағы тізбесі;

- борышкердің мерзімі өткен берешекті реттеу шараларын қабылдағанын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

«Банкрот болған адамдар» үшін салдары қандай? 

Соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға шешім қабылдаған борыш мыналарды білгені дұрыс:

- 5 жыл бойы қарыз және микрокредит алуға тыйым салынады (ломбардтардың микрокредиттерін алуды қоспағанда);

-  қайта банкроттық болу 7 жыл өткен соң ғана мүмкін болады;

- банкрот болған тұлғаның қаржылық жағдайына банкроттықтан кейін 3 жыл бойы мониторинг жүргізілетін болады.

Назар аударыңыз! Алименттер бойынша, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық бойынша шығынды өтеу бойынша борыштар есептен шығаруға жатпайды.

Банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі туралы толық консультацияны қайдан алуға болады?

Жеке тұлғаның банкроттығы тәртібі туралы анағұрлым толық ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурстарында жарияланады.

Қосымша ақпарат алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ байланыс орталығына 1414 нөміріне (қосымша нөмір 3) не https://t.me/SalyqBot тelegram-чатына хабарласуға болады.

Берешекті реттеу рәсімі дегеніміз не?

2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда кредитті өтеуде қиындықтарға тап болған азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу тәртібі қолданылады. Ол барлық кредиттік ұйымдарға – банктер мен МҚҰ-ға қолданылады.

Заңнамалық талаптарға сәйкес төлем мерзімін кешіктіру басталған сәттен бастап 20 күн ішінде кредитор қарыз алушыға туындаған кешіктіру туралы хабарлауға міндетті. Хабарламада кредиттік ұйымдар азаматтарға кредит бойынша төлем жасау және мөлшерін көрсете отырып мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттілігі, әйтпесе бұл қарыз алушы үшін жағымсыз салдарға әкеп соғатыны, сондай-ақ қайта құрылымдау мәселесі бойынша кредиторға жүгінуге болатындығы туралы хабарлайды.

Өз кезегінде, төлем мерзімі өткен қарыз алушылар ол басталған күннен бастап 30 күн ішінде қарыздарды қайта құрылымдау үшін кредиттік ұйымға өтініш беруге тиіс.

Қарыз алушының өтінішін банк және МҚҰ міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, есепке алуға және қарауға тиіс. Борышкер өз өтінішінде төлем мерзімін өткізіп алудың не себепті туындағанын көрсетуі, қайта құрылымдау үшін өзіне қолайлы нұсқаларды ұсынуы және кірісінің азайғанын және өз міндеттемелері бойынша төлем жасаудың мүмкін еместігін растайтын құжаттарды беруі қажет.

Қарыз алушы кредиторға өзінің қаржылық және әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат беруі керек, міндеттемелерін толық көлемде орындамауға себеп болып отырған кірістерінің азаюы немесе болмауы фактісін құжатты түрде растауға тиіс. Сұратылған құжаттарды ұсынбау қарыз алушының өтінішін қараусыз қалдыру үшін негіз болып табылады.

Кредитор өтінішті қарыз алушыдан құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін ғана қарайды. Ол сондай-ақ төлем қабілеттілігі, қарыз алушының әлеуметтік жағдайы, кепілге берілген тұрғын үйдің жалғыз екендігі, қарыз бойынша міндеттемелердің адал орындалуы сияқты факторларды ескереді. Және 15 күнтізбелік күн ішінде жауап беруі керек. Банк немесе МҚҰ банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарына қарыз алушы ұсынған өзгерістерді қабылдай отырып, келісім беруі, банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын беруі немесе себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, бас тартуы мүмкін. 

Қарыз алушы немесе кредитор ұсынатын қайта құрылымдау талаптары мынадай: сыйақы мөлшерлемесін төмендету, негізгі борыш немесе сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру, өтеу әдісін өзгерту, қарыз мерзімін ұлғайту, борыш жүктемесін азайту түрінде болуы мүмкін, мысалы, бұл мерзімі өткен негізгі борыш, сыйақы, айыпақы және төлемдер мен комиссиялардың өзге де түрлері. Ұсыныстардың тағы бір түрі - ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес сату немесе кепілдегі мүлікті кредиторға беру арқылы бас тарту төлемін ұсыну, міндеттемені сатып алушыға бере отырып, жылжымайтын мүлікті сату.

Шарт талаптарына өзгерістер енгізу банк немесе МҚҰ осындай шешім қабылдаған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Назар аударыңыз! Егер қарыз алушы кредитормен қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша келісімге келе алмаған жағдайда, ол ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы. Бұл ретте, қарыз алушы міндетті түрде өзінің банкке немесе МҚҰ-ға өтінгенін және өзара тиімді шешімге қол жеткізе алмағандығының растауын ұсынуға тиіс. Сондай-ақ, қарыз алушылар ипотекалық қарыз шарты бойынша туындайтын келіспеушіліктерді реттеу үшін Банктер туралы заңға сәйкес банк омбудсманына жүгіне алады.

Берешекті реттеудің бірыңғай тәртібі туралы толығырақ «1459» нөмірі бойынша call-орталық арқылы не «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы Агенттікке жүгіне отырып біле аласыз.

Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

') no-repeat center top; background-size:contain;">















https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/321154?lang=kk

') no-repeat center top; background-size:contain;">







https://pkrezerv.gov.kz/ сайтта тіркеліп, бірнеше ақпараттық өрістерді толтырып, тиісті құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет болды.

Бірақ екінші кезең іріктеудегі ең қиыны болды. Ауызша және сандық тесттер - бұл күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға арналған тесттер. Ұсынылған тапсырмаларда үміткердің ақпаратты қалай тез ойлау, түсіну және талдау, зейін қою, логикалық ойлау қабілеті тексеріледі.

Одан кейін, іріктеуге қатысқандардың жалпы санының 6%-ы ғана «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» 3 кезеңіне жіберілді. Мұнда үміткерлер белгілі бір мәселелерді таңдалған салалық бағытқа сәйкес шешу бойынша өз көзқарастарын көрсете алды.

Кезең онлайн-платформада эссе жазу форматында өтті. Бұл тапсырманы қатысушылардың жартысынан азы - 46% орындады, олар «құзыреттерді бағалау» келесі қадамына жіберілді.

Бұл кезең екі блоктан тұрады: ассессмент-орталық және құзыреттер бойынша сұхбат.

Ассесмент-орталық арқылы бағалау-бұл уақыт бойынша ең ұзақ рәсім (6-дан 8 сағатқа дейін). Ол үміткерлердің стратегиялық ойлау, белсенділік, іс-әрекетті басқару, командалық көшбасшылық, сенімділік сияқты мінез-құлық көрсеткіштерінің жиынтығы арқылы құзыреттілігін анықтауға және бағалауға бағытталған.

Құзыреттілікті бағалаудың осы блогы кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған бағалаушы - асессор-бағалаушылар бақылайтын топтық және жеке жаттығуларды қамтиды. Осы жаттығулардың әрқайсысында үміткерлер шектеулі уақыт ішінде арнайы буклеттегі ақпараттық материалдарды талдау негізінде өзекті аймақтық мәселені шешуді ұсынуы керек.

Ассесмент-орталықтың барлық рәсімдерін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сертификатталған сарапшы-бағалаушылар командасы жүргізеді, оған SHL Kazakhstan халықаралық консалтингтік компаниясының аса тәжірибелі қызметкерлерінен құралған супервизорлар көмектеседі. Сарапшылар мен супервизорлардың бүкіл командасы бағалаудың, соның ішінде 2019 жылғы ПЖКР-де жеткілікті тәжірибесіне ие.

25 қазанда «Құзыреттерді бағалау» кезеңінің бірінші блогы басталды, ассесмент-орталық. Бұл кезең Мемлекеттік басқару академиясының базасында оффлайн форматта өтеді және 30 қазанда аяқталады.

Ассесмент-орталықтың нәтижелері бойынша әрбір кандидатқа қысқаша есептер тұжырымдалып, олардың жеке кабинеттеріне орналастырылатын болады. Қорытындысы бойынша келесі бағалау блогына — құзыреттер бойынша сұхбатқа ең жақсы нәтиже көрсеткен 125-тен аспайтын кандидат жіберіледі.

Бұл бағалау блогы еліміздің кәсіби HR-менеджерлерін тарта отырып, жеке терең сұхбат арқылы онлайн форматта жүргізілетін болады.

Сұхбаттағы сұрақтар үміткерлерге талап етілетін мінез-құлықты көрсететін немесе көрсетпейтін жағдайларды сипаттайтын нақты мысалдар келтіруге бағытталған. Әр құзіреттілік үшін сұрақтар бірнеше рет және бір жарым сағаттық сұхбаттың бірнеше бөлігінде осы құзіреттіліктің даму деңгейінің объективті көрінісін құру үшін қойылады.

ПЖКР жобасы шеңберінде сұхбат барысында кандидаттарға кандидаттардың ішкі уәждемесінің деңгейі және олардың құндылық бағдарларын айқындайтын құзыреттер туралы барынша объективті түсінік алуға мүмкіндік беретін сұрақтар қойылады.

Сұхбат нәтижелері бойынша іріктеудің келесі кезеңіне - сараптамалық комиссиядағы әңгімелесуге ең жақсы нәтиже көрсеткен 100-ден аспайтын кандидат жіберіледі. Президент Әкімшілігі қалыптастыратын комиссия іріктеудің алдыңғы кезеңдерінен табысты өткен әрбір үміткермен жеке әңгімелесу өткізеді.

Кандидатуралар сараптама комиссиясының отырысында қаралғанға дейін кандидаттар туралы беделін түсіретін мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салу негізінде алдын ала жинау жүзеге асырылатын болады.

Сарапшылық комиссия әңгімелесу қорытындысы бойынша ашық дауыс беру арқылы резервке алуға ұсынылатын кандидаттардың тізімін қалыптастырады және кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына жібереді.

Іріктеудің қорытынды кезеңі - қатысушылардың кандидатураларын кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияда қарау. Бұл кезеңге сараптама комиссиясы ұсынған ең жоғары балл жинаған қатысушылар жіберіледі.

Кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша кандидаттарды Президенттік резервке қабылдау туралы шешім қабылданады, ол Президент Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен рәсімделеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне екінші іріктеу жүргізеді. Біріншісі 2019 жылы өтті.

Жоба өмірлік мақсаттары мен қағидаттары қоғамға қызмет етуге бағытталған талантты, болашағы зор және өршіл жастар, өз саласындағы кәсіпқойлар арасынан мемлекеттік аппарат үшін топ менеджерлердің кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған.

Бұл жобада жеңілгендер болмайды. Біреу абсолютті жеңімпаз болады және резервке алынады. Біреу финалға жетпейді, бірақ бәрібір бірегей тәжірибе, жаңа білім алады, өзін тексереді және міндетті түрде кері байланыс алады, өзіне қандай құзыреттер жетіспейтінін, өз тәжірибесін, білімі мен дағдыларын қайда жетілдіру керектігін түсінетін болады. Бұл кейде жеңістен гөрі қымбат...

') no-repeat center top; background-size:contain;">
28.10.2021

Президенттік жастар кадр резерві: іріктеу қалай өтуде?

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда 2.0 Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды, оған 8 мыңнан астам кандидат, оның ішінде - дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп, бизнес салаларының өкілдері және т. б. өтініштерін берді.



Страницы: 12345
Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?