
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Қауіпсіз жаз
08.06.2023
Шомылу маусымындағы судағы қауіпсіздік - бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі болып табылып отыр.
1-маусымнан бастап елдің орталық бөлігінде шомылу кезеңі ресми түрде басталды. Оқушылардың оқу жылы аяқталып, демалыстары басталды. Осыған орай көптеген азаматтар су айдындарына жаппай демалуға барады, бірақ су айдындарына барған кезде Қазақстан Республикасының су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет, оны сақтамағаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Мәселен, тиісті көрсеткіштер белгіленген рұқсат етілмеген орындарда шомылу, суға кіру, мас күйінде шомылу, ересектердің еріп жүруінсіз балаларға суға кіру және басқа да бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК 412-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 7 АЕК (24150 теңге) сомасында айыппұл салынады.
Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабына сәйкес тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін жауапкершілік көзделген, онда осы бап ескерту немесе 2 АЕК (6900 теңге) сомасына айыппұл түріндегі жауапкершілікті көздейді.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19-ақпандағы XII сессиясының №479 шешіміне сәйкес аудан аумағында шомылу жүзеге асырылмайтын 58 су айдыны анықталғанын атап өтеміз.
Жыл басынан бері облыс аумағынының су айдындарында адам өлімінің 2 фактісі тіркелді, оның ішінде 1 бала.
Мәселен, ағымдағы жылдың 3-маусымында Нұра ауданында 2008 жылы туған бала ата-анасымен және құрдастарымен бірге Нұра өзенінде демалып, абайсызда өзенге құлап, суға батып кетті.
Сол сияқты, ағымдағы жылдың 4-маусымында Бұқар жырау ауданының аумағында Нұра өзенінің арнасында 1997 жылы туған М. суға батып кетті.
Жоғарыда аталған жазатайым оқиғалар фактілерін келтіре отырып, Бұқар жырау ауданының ТЖ бөлімі Бұқар жырау ауданы тұрғындары мен қонақтарын су айдындарына барған кезде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Сонымен, жабдықталмаған шомылу орындарында шомылуға, балаларды қараусыз қалдыруға және ересектердің сүйемелдеуінсіз су айдындарына жіберуге, күмәнді және жүзуге арналмаған үрлемелі құралдарды пайдалануға, мас күйінде суға түсуге, бейтаныс жерлерге сүңгуге, суға бату туралы жалған сигналдар беруге және басқа да қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзуға жол бермеу керек.
Шомылу кезеңінің барлық мәселелері бойынша сіз Бұқар жырау ауданының жергілікті атқарушы органдарына және ТЖ бөліміне 8 (72154) 2-14-69 телефоны арқылы хабарласа аласыз.