taza-kaz

Мәлімет үшін ақпарат!


02.02.2023

Бұқар жырау ауданының аумағында «ИНВАТАКСИ» қызметі жұмыс істейді, қызмет мүгедектерді, оның ішінде медициналық себептер бойынша балаларды (көру және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін) тасымалдау үшін тегін көлік қызметін көрсетеді.

Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады.

«ИНВАТАКСИ» қызметтері бірінші кезекте оқу немесе жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейтін және оқитын мүгедектерге, сондай-ақ мүгедектердің жүгіну тәртібімен көрсетіледі.

Қызмет алу үшін мүгедектігі бар адам келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.

Сұрақтар туындаған жағдайда Ботақара кенті, Бұқар жырау көшесі, 75 А мекенжайы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажет, анықтама телефоны 8 (72154) 2-21-85.

Аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?