taza-kaz

Назар аударыңыздар, «Жігер» байқауы!


16.10.2021

Мемлекеттік жастар саясатын және жастар қозғалысын белсендіру үшін, Бұқар жырау ауданында жарияланады.  Бұқар жырау ауданы әкімінің «Жігер» сыйлығын тапсыруға байқау жариялау Бұқар жырау ауданы әкімдігінің «Ішкі және жастар саясаты» ресми сайтында, әлеуметтік желілерінде: Instagram-аккаунтында @buqarjyrayjastary, Faсebook – «Жас бұқаржыраулықтар» парақшасында орын алған «Жігер» сыйлығын тапсыру Тәртібіне сәйкес өткізіледі.

«Жігер» жастар сыйлығын тапсыру Тәртібіне «Бұқар жырау жаршысы» газетінің 2021 жылғы 23 қазанда шығатын номерінде жарияланатын болады. 

«Жігер» сыйлығы конкурстық негізде Бұқар жырау ауданының 14 жас пен 29 жас аралығындағы жас тұрғындарына келесі номинациялар бойынша табысталатын болады: 

- «Жастардың көшбасшысы»;

- «Жастар саясатын жүзеге асыруға үлесі үшін» (жасы есепке алынбайды);

- «Үздік жас маман»;

- «Үздік еріктілер тобы»;

- «Спортқа қосқан үлесі үшін»;

- «Жас талант»;

- «Жылдың жас жұмыскері»;

- «Жылдың үздік жоғары сынып оқушысы»;

- «Колледждің үздік оқушысы»;

- «Жылдың үздік жас кәсіпкері».

Сыйлық тапсыруға ұсыным жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік және басқа ұйымдармен, шығармашылық және кәсіби ұжымдармен, кәсіпорындар мен ұйымдармен және Бұқар жырау ауданының қоғамдық ұйымдарымен беріледі.

Қатысу үшін Тәртіпке сәйкес ресімделген тіркеу өтінімдері мен құжаттар 2021 жылғы 18 қазаннан 5-қарашаға дейін (жұмыс күндері) мына мекенжай бойынша қабылданады: Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 41 а («Nur Otan» партиясының аудандық филиалының ғимаратындағы), «Бұқар жырау ауданының Жастар ресурстық орталығында» КММ қабылданады.

Қосымша ақпарат мына телефондар бойынша: 8 (72154) 2-21-30, 2-22-87 (9.00-ден 18.00-ге дейін).    

Ұйымдастыру комитеті



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?