
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Қысқа дайындық
07.12.2019
Өткен аптада аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұрмұхамед Интуевтің басшылығымен «Қысқы маусым уақытындағы қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Нұрланов, №45 жолдарды пайдалану бөлімінің басшысы А.Салықов, жергілікті полиция бастығы Б.Кощеғұлов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен орталық аурухана мамандарының қатысуымен өткен дөңгелек үстелде көміртек тотығынан шығатын улы газды сезетін датчиктер орнату жұмыстарын жалғастыру, көктайғақ кезеңінің алдын алуда құм-тұз қоспасын төсеу мәселелері талқыға түсті.
Қар тазалау жұмыстары да назардан тыс қалмады. Қыстың қытымыр мінезінен туындап тұратын аязды-боранды күндерде жолаушы өмірін сақтау мақсатында жасалатын шаралар мен түрлі жағдайларға тап келтірер қыс мезгіліндегі аурухана дайындығы пысықталды.
Тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау, пештерді орнату кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен міндетті талап нормалары көрсетілген жаднамалар таратылды.
Б.Жакешова
Д.Торжановтың суреті