
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі ХІІ аудандық Бұқар жырау Қалқаманұлының жыр-толғауларын оқу мен орындаудан және жыраулар поэзиясы үлгісінде жазылған өлеңдерден ақын-жыршылар байқауының ережесі
03.08.2019
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында алты алаштың арқалы жырауы, жеті ханның ақылшы-кеңесшісі болған, көмекей әулие атанған Бұқар жырау Қалқаманұлының жалынды жырларын, асыл мұрасын дәріптеу, жыршы-жыраулық дәстүрді жаңғыртып, насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу, халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және оны елдің санасына сіңіру мақсатында 2019 жылдың 20-қыркүйегінде «Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі ХІІ аудандық байқауын өткізеді.
Байқау төрт түрлі жанр бойынша өтеді:
1. «Бұқар жырауша» - мүшәйра үлгісінде өтетін бұл сайысқа түсетін ақын өз туындысын жыраулар поэзиясы, яғни жыр-толғау үлгісінде жазуы шарт.
- ұсынылған шығармалар (3 өлең) Бұқар жырау Қалқаманұлына, жастар жылына арналған және еркін тақырыпта болуы керек.
- үміткерлер жыраулар поэзиясы, яғни жыр-толғау үлгісінде жазған шығармасын жатқа мәнерлеп айтуы шарт және жазған шығармасын сайыс өткізілетін күнге дейін, яғни бір апта бұрын алдын ала жіберуі тиіс;
- жазылған жыр-толғаулардың мазмұны жастарға патриоттық тәрбие беруге, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға және басқа да позитивті идеяда болуы қажет.
2. «Бұқар жырау оқулары» - бұл сайысқа қатысушылар Бұқар жыраудың шығармаларын, яғни жыр-толғауларын жатқа, мәнерлеп оқуы керек. Жаттаған шығармаларының саны 20-дан кем болмауы тиіс және өз кент, ауыл немесе оқу орындарынан іріктеуден өтіп келуі шарт.
3. «Жыршы-жыраулар сайысы» - бұл сайыста әнші-жыршылар Бұқар жырау Қалқаманұлының жыр-толғауларын белгілі бір аспапта (қобыз, домбыра, сырнай) мақамға салып орындауы шарт.
Бұқар жыраудың жыр-толғауынан бір және қосымша бір жыр орындауы міндетті.
4. «Әлемді түгел білсе де» - бұл сайыста өзге ұлт өкілдері Бұқар жырау шығармаларын өз ана тілінде және өзге тілде оқуы шарт. Сонымен қатар, қазақ тілінде жаттаған жыр-толғауларының саны 5-тен кем болмауы қажет.
Байқауды өткізу тәртібі:
- Сайысқа ауданның барлық үміткерлері және қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері де қатыса алады. Олардың жасы шектелмейді.
- Әр жанр бойынша қазылар жүлдегерлерді жеке анықтайды.
- Кент, ауыл атынан әр номинация бойынша бір оқушыдан қатысады, яғни әр ауылдан 4 номинация бойынша 4 үміткерден артық қатыса алмайды.
- Үміткерлікке ұсынылған шығармалар қайтарылмайды және пікір берілмейді.
- «Бұқарекең жырлайды» аудандық, облыстық байқауының 4 номинация бойынша бас жүлде, І орын иегерлері және облыстық байқаудың ІІ, ІІІ орынға ие болғандар қатыса алмайды.
Үміткерлердің киімі және сахна мәдениетіне ерекше назар аударылады.
Ынталандыру:
Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тапсырылады.
Аудандық байқаудың жеңімпаздары облыстық байқауға қатысуға жолдама алады.
Ұйымдастырушы: «Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Бұқар жырау көшесі-70, байланыс тел: 21670, эл почта: bukarkultura@mail.ru және bjr_okult@krg.gov.kz
Байқауға қатысу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 6-қыркүйегіне дейін қабылданады.