
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Бұқар жырау ауданындағы жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған Бұқар жырау ауданы әкімінің грантын бөлу туралы
27.07.2019
Ережесі
1. Бұқар жырау ауданындағы жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған Бұқар жырау ауданы әкімінің грантын бөлу туралы осы ережені «Бұқар жырау ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес дайындаған және осы ереже Бұқар жырау ауданында тұратын, жасы 29 жастан аспаған жастарға грант бөлудің шарттары мен тетіктерін анықтайды.
Аудандағы жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған Бұқар жырау ауданы әкімінің гранты Бұқар жырау ауданы жастарының жаңа кәсіп ашуына және қолданыстағы кәсіпті дамытуына бөлінеді.
2. Аудан әкімінің гранты жылына бір рет бөлінеді, грант Бұқар жырау ауданы жастарының Форумында салтанатты түрде табысталады.
3. Аудан жастары кәсіпкерлігін қолдау мен дамыту гранттарының жалпы сомасы 7 000 000 (жеті миллион) теңгені құрайды. Бір бизнес жоспарға бөлінетін қаражат көлемі 500 000 теңгені құрайды.
4. Аудан әкімінің Бұқар жырау ауданының жастары кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға арналған гранты үміткердің жеке шотына аударылады.
5. Комиссияның аудан жастары кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға арналған грантын бөлу туралы шешімі қабылдағаннан сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде, комиссия мүшелері бекіткен екі жақты келісім-шарт жасалады.
6. Келісім-шарт қаражатты аударуға негіз болып табылады.
7. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сүйенеді.
8. Комиссия өз құзыреті шегінде аудан әкімінің Бұқар жырау ауданының жастары кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға арналған гранттарын бөлуге үміткерлерді іріктеуді жүзеге асырады.
9. Комиссияның әрбір мүшесі ауысу құқығынсыз бір дауыс құқығына ие.
10. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
11. Егер комиссия отырысына комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса комиссияның отырысы құқықты болып есептеледі.
12. Шешім комиссия мүшелерінің отырысқа қатысып отырған ашық және қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
13. Комиссия құжаттарды ресми басылымға шыққаннан кейін 14 күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мекенжай бойынша қабылдайды.
14. Комиссия шешімі, белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде, грантты бөлу/бөлмеу комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді.
15. Комиссияның жұмыс органы «Бұқар жырау ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ-сі болып табылады.
16. Комиссия отырыстарда үміткерлердің ұсынған құжаттарын белгіленген шарттармен бекітілген талаптардың сақталуына бағалау және талдау жүргізеді. Үміткерлердің құжаттары комиссия шарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, үміткерлердің құжаттары қабылданбайды. Қабылдамау туралы шешім хаттамаға енгізіледі.
17. Бұқар жырау ауданы әкімінің өкімі негізінде комиссия өз қызметін тоқтатады.
18. Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар тізімі:
1) Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) Жеке куәлігі (көшірмесі);
3) Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірмесі);
4) Бизнес жоспар;
5) Кент, ауыл немесе ауылдық округ әкімінің қолдау хаты (түпнұсқа);
6. Қызмет істейтін кәсіпкерлер үшін несиелік берешегі болуы (болмауы) туралы қызмет көрсететін анықтамасы (түпнұсқа);
7) Жоба бойынша өндірістік бағдарламада пайдаланылатын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ жалдау келісімдері (көшірмесі);
8) Кәсіпкерлік істің негізін өткенін растайтын сертификат (көшірмесі);
9) Құжат тігілетін папка.
19. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- қатысушының жасы 29-дан аспауы керек және Бұқар жырау ауданының елдімекендерінде мекендеуі (тіркелуі) тиіс;
- бұрын мемлекеттік қолдау алған жастар, жас кәсіпкерлер (облыстық, аудандық грант иегерлері) конкурсқа қатыса алмайды;
- оқушылар, студенттер (сырттай оқитындардан басқалары) қатыса алмайды.
20. Конкурстың мақсаттары:
- жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту;
- жастарды жұмыспен қамтамасыз ету;
- дамуы төмен ауылдарда кәсіпкерлікті жаңдандыру;
- істеп тұрған бизнеске қолдау көрсету.
21. Жобаны таңдау келесідей критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
- ауыл немесе кент үшін жобаның маңыздылығы;
- жаңа жұмыс орындарының құрылуы;
- жобаның өтімділігі;
- аталмыш аймақтың экономикалық жағдайы үшін таңдалған қызмет түрінің даму қажеттілігі;
- бизнестің келешектегі дамуы.
Конкурсқа қатысу құжаттары (тезтікпе папкасына жинақталған) 2019 жылдың 15 тамызына дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 41а, «Бұқар жырау ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ.
Анықтама телефоны: 8-72154-22130, 22287 (сағат 9.00 ден 18.00-ге дейін).