taza-kaz

Абайлаңыз, балалар!


15.09.2018

«Бала - бауыр еті» дейміз. Олардың дендерінің саулығы мен есен-амандығы ортақ тілегіміз. Осынау мақсатта жаңа оқу жылының басталуымен 1-10 қыркүйек аралығында дәстүрлі «Абайлаңыз, балалар!» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аудандық білім беру бөлімі, аурухана және ішкі істер басқармасы бірлесе отырып ұйымдастырған іс-шаралар легі Ботақара кентіндегі қос мектептің оқушыларын, автокөлік жүргізушілерін қамтыды.

Қыркүйектің 6-сы күні республикалық трасса бойында №1 қазақ тірек мектебінің жас жол инспекторлары автокөлік жүргізушілеріне үнпарақтар үлестіріп, жолда жүру ережелеріне қатысты ақпараттар таратты.

- Жаңа оқу жылының басталуымен оқушылардың жолдан өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған республикалық іс-шараға барынша көп оқушыларды, автокөлік жүргізушілерін қамтуға тырыстық. Оларға көрнекі материалдар таратып, үнемі абай болуға шақырып, насихат жасадық, - деп, шараның мәні мен мақсатын түсіндірді аудандық білім беру бөлімінің маманы Әсем Кошкинбаева.

Сонымен қатар, республикалық шара аясында қыркүйектің 4-і күні Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде жол-патруль полиция бөлімінің полиция сержанты А.Төлеуов, А.Әділқасым, ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы полиция майоры В.Канина, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ә.Кошкинбаева оқушылармен кездесу ұйымдастырып, жолда жүру қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында  қауіпсіздік ережелері қамтылып, оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойды.

Н.Әбікеева

Д.Торжановтың суреттерінде: жас жол инспекторлары үнпарақтар таратуда.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?