taza-kaz

Бұқар жыраудың 350-жылдығына арналған қалалық жас ақындар айтысын өткізудің Ережесі


11.08.2018

Бұқар жыраудың 350-жылдығына арналған қалалық жас ақындар айтысын өткізудің Ережесі

«Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 20 қазанда көмекей әулие атанған әйгілі жырау, ойшыл дана, көреген қайраткер Бұқар жырау Қалқаманұлының 350-жылдығына арналған қалалық жас ақындар айтысын өткізеді:

Айтыстың мақсаттары мен міндеттері:

- Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін көтеру;

- Бұқар жыраудың және қазақ тарихында өзіндік орны бар тұлғаларымыздың асыл мұраларын дәріптеу;

- Дарынды жас ақындардың қабілетін арттырып, оларға қолдау көрсету;

- Айтыс өнерін насихаттау, жас ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухында тәрбиелеу.

Айтыстың шарттары:

- Айтысқа 16-29 жас аралығындағы қабілетті жастар қатыса алады;

- Республикалық, облыстық ақындар айтысының жеңімпаздары қатыстырылмайды;

- Айтыс ережесін сақтай отырып, қарсыласпен қағысу;

- Суырыпсалма айтысу, өткір ой айта білу;

- Сахна мәдениетін сақтау.

Айтыстың жүлде қоры:

Айтыстың жеңімпазы және жүлдегерлер дипломдармен, Алғыс хаттармен, ақшалай және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Бас жүлде (біреу) - 200 000 (екі жүз мың ) теңге

І орын (біреу) – 150 000 (жүз елу мың) теңге

ІІ орын (екеу) – 100 000 (жүз мың) теңге

ІІІ орын (үшеу) – 50 000 (елу мың) теңгеден

Айтысқа қатысу үшін үміткерлердің сұраныстары (жеке куәлігінің көшірмесі электронды нұсқада) 2018 жылдың 28 тамызына дейін мына электронды пошта арқылы қабылданады: karkultura@mail.ru.

Байланыс телефоны: 8 (7212) 421461.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?