
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Төтенше жағдай ақпараты
07.04.2018
Наурыз айының 30-жұлдызында аудандық “Нұр Отан” партиясы филиалында Бұқар жырау аудандық “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Нұрлановтың қатысуымен, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен “2018 жылғы су тасқынының өтуі жөнінде” және “2017-2018 жылдардағы от жағу кезеңдерінің өту барысы” мәселелері бойынша жергілікті БАҚ құралы өкілдерімен брифинг өткізілді.
Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Н. Интуев шараны өзі ашты.
- Жаңа жылдың бір тоқсаны өтуге жақын, бүгінгі шарамызда Бұқар жырау ауданы бойынша от жағу маусымы мен тасқын судың барысы туралы әңгіме қозғамақпыз. Аудан бойынша тасқын судың ағып өтуі тұрақты, адамдар үшін төніп тұрған қауіп жоқ. Осыған қарамастан, барлық қызмет түрлері өз жұмыс орындарында әр күн, сағат, сәттер сайын қырағылық танытуда. Самарқанд , Ынтымақ, Ащысу су қоймалары жазыққа су қашыртқысын жасап, елдімекендердің тасқын судан аман болуының алғышарттарын жасауда. Ендігі сөз кезегін ТЖ бөлімінің бас маманы, капитан Ш.Нұрсейтовке беремін,-деген болатын.
-2018 жылғы көктемгі қар суынан аудан тұрғындарын, аумағын, шаруа субъектілерін қорғау аясында аудандық жедел штабы жұмыс жасауда. 7 наурыз бен 20 наурыз аралығында Бұқар жырау аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері жоспарға сәйкес ауданнның елді мекендеріне шығып, жергілікті әкімдіктердің 2018 жылғы тасқын су кезеңіне дайындығын тексерді, сонымен бірге тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, су басу қаупі туған жағдайда ең алдымен қандай әрекеттер жасау керектігін түсіндіріп, жаднамалар таратты,-деп өткізілген шаралар жайында баяндады.
21 наурызда Ботақара кентінде еріген қар суының үйлерге кіру қаупі орын алып, жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау ұйымдарының, мердігерлік ұжымдардың бірлескен жұмыстарының арқасында үйлерге кіруінің алды алынды. 22 наурызда судың арнасын бұру жұмыстары Ботақара кентінде, Байқадам, Үміткер, Самарқанд, Жастілек және Көкпекті ауылдарында қызу жүріпті. Қар суының тез арада еріп кетуіне байланысты Көкпекті ауылының Верхняя көшесіндегі 1-үйге су кірген. Арнайы техника мен мамандардың қажырлы еңбегінің арқасында үйге кірген су сорылып алынған. Мұнан соң мотопомпа Ботақара кентіне жіберіліп, 4 екі пәтерлі үй су кіруден аман алынып қалған. Ал 23 наурызда алдында су кірген тұрғын үйге қайтадан су кіріп, мотопомпа сол жерге жіберілген.
“Қарағанды-Аягөз-Бұғаз” автокөлік жолының 123 шақырымындағы су жібергіш трубалардың судың көп мөлшерін өткізуге күші жетпей, су жол үстінен аққан. “Қазақстан көлік жолдары” №45 ЖПБ осы аумақты бақылауға алып, ескерту белгілері қойылыпты. Қозғалысқа тоқтау салынбай, судың ағуы 24-нде тоқтаған, жолға ешқандай зақым келмеген. Осы күні Нұра өзенінде судың ағуына бөгет жасайтын 2 учаске анықталған - Петровка ауылы және Қарағанды-Павлодар трассасы маңында, осы жерлердің мұзы жарылып, жағдай қалыпқа келтірілген. 25 наурызда Нұра станциясы, Шоссейная көшесі 124 үйге су кіру қаупі төнген. Аула алдындағы су сорылып алынып, су деңгейі төмендетілген. 26-наурызда Ғ.Мұстафин кентіндегі жаяу жүргішілер көпірі мен жүруге болмайтын - кент пен Теміртау қаласын қосатын жолда мұздар анықталған. Осы жерде де жару жұмыстары жүргізілген. Осы шараларды жүзеге асыруға 28 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылған. Атқарылған жұмыстардың барлығы Нұра өзенінен судың және мұздардың тоқтаусыз ағып өтуіне әсерін тигізген.
Келесі сөз кезегі төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері В.Малышкинге берілді.
- 2017-2018 жылғы от жағу кезеңінде аудан аумағындағы тұрғын үй секторында 22 өрт орын алған. Өрттің салдарынан 4 адам жарақат алған. От жағатын пештерді дұрыс пайдаланбау салдарынан 7 тұтану, электр құралдарын пайдаланудың салдарынан 5 тұтану орын алған. Өрттердің туындау салдары отты дұрыс пайдаланбаудан болады, ал өрт объектілеріне шөп арандары, қосымша шаруашылық ғимараттары, тұрғын үйлер жатады.
Жаңаталап ауылында тұншығу салдарынан ерлі-зайыптылар қайтыс болса, 4 адам түрлі жарақат алған. Онда 4 бала және 4 үлкен адам зардап шеккен. Машинаның газымен бір ер адам уланып, ол ауруханаға жатқызылған.
Төтенше жағдай қызметкерлері аулаларды аралап, тұрғындарға пештерді дұрыс пайдалану, дұрыс салу керектігі жайында жаднамалар таратқан. Бұл әрине, тиімді әдіс. Сонымен бірге БАҚ беттеріндегі жарияланымдар, елді мекендерде дауыс күшейткіштер арқылы пештер мен электр құрал-жабдықтарын дұрыс пайдалану жөнінде ақпарат беру жолға қойылған.
Жыл сайын пеш жағу кезеңі қарсаңында “Улы газдан сақтан” атты акция өткізіледі. От жағу кезеңі кезінде Қарағанды облысының тоғыз өрт бөлімшелерінің және осы бөлімнің жеке құрамы 3472 тұрғын үй мен 11353 тұрғын, 91 рейд ескі үйлерге және төмен әлеуметтік топтарға бірінші кезекте назар аударылады. Осының нәтижесінде тұрғындармен 29 жиналыс, жиындар, лекциялар, нұсқау беру кездесулері өткен, оларға 700 адам қатысқан.
Осындай ауқымды жұмыстардың өтуіне қарамастан, тұрғындардың жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауға деген мәдениеті өте төмен. Адамдардың уланып қалған немесе өрт шыққан орындарды тексере келе пештердің мұржаларының, құдықтарының бірнеше жыл қатарынан тазаланбауы, түтін өту жолдары мен пештердің шытынап жарылулары, оттың жалыны шығатын жолдар мен мұржаның үйдің төбесіндегі жабынды ағаштарға жақын орналасуы, электр жылытқыштарын бақылаусыз қалдыру - бәрі өртке алып келетін факторлар екендігі айтылды. Тұрғындар өрт шыққан жағдайда қайда, қандай номерге телефон шалатындарын білмейді.
- Осы кездесуді пайдаланып, аудан тұрғындарына өрттің алдын алу жайында назарларыңыздан шығармасаңыздар деймін. Төтенше жағдайлар бөлімінің, өрт құрылымдарының алдын алу туралы ақпаратын есте сақтап, телефон номерлерін біліңіздер - өрт жағдайында 101, құтқару қызметі - 112, - деп аяқтады сөзін В.Малышкин.
Осы кезден-ақ азаматтық қорғау ұйымдары, әкімдіктер, шаруашылық қожалықтары өрт қауіптілігіне қарсы дайындықтарды жүзеге асыруда. Қарағанды облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті “Табиғат- тіршілік көзі” атты акция ұйымдастырған. Ол табиғи өрттердің алдын алу, орман-тоғайлы, далалы жерлердегі ауылшаруашылық жұмыстарын өткізу кезеңінде, аулаларды тазалау уақыттарында , сенбіліктер жасағанда өрт қауіпсіздігі туралы тұрғындарды ақпараттандыруға бағытталған.
Марат Қуанышұлы осы орайда әрбір елдімекендегі әкімдіктердің ауылдағы әлеуметтік қауіп тудыратын отбасылар мен жалғыз басты адамдар жайында есеп берулерін міндеттеп, керек болса олардың пеш құдықтарын тазалап беру қажеттігі туралы айтты. Әлеуметтік желілерде сайт ашып, осы сайттың қалың жұртшылықтың ағымдағы жағдайлармен танысып тұруына ыңғайлы жағдай туғызуы керектігін назарға салды. Осы жерде байыпты диалог өтіп, адамдарға үлкен қауіп пен қатер төндіретін тілсіз жау - тасқын су мен өрт жайында айтылды.
Төтенше жағдай бөлімінің бастығы Н.Интуев:
- Биылғы 17 сәуірде өртке қарсы қызметтің құрылуына 100 жыл толады. Адамдардың өміріне қауіп төніп тұрған жағдайларда олар жеке басының қауіпсіздігін ұмытып, тасқын судан, өрттің ортасынан алып шығып, құтқарып жатқан бейбіт күннің қаһармандары бар. Осындай адамдарды салтанатты шарада марапаттап, олардың осы батырлығы, өжеттілігі туралы бұқараға жеткізу - біздің қызметтің бірден бір парызы.
Төтенше жағдайлар бөлімі азаматтарының жұмысы ауқымды. Оған қосымша өрт пен тасқын судың алдын алу жөнінде баннерлер орнату да жоспарында. Ең алғашқысы баннер осы уақытта ілініп қойылған. Барлық жағдайлар бақылауға алынып, әскери тәртіпте орындалуда.
Біз де өз тарапымыздан төтенше жағдай қызметкерлеріне мұқалмас жігер мен күш тілейміз.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреті