
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Төтенше жағдайлар дабыл қағады
13.02.2018
Қаңтар айының отыз бірі күні аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұрмұхамед Интуевтің басшылығымен, «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Нұрлановтың қатысуымен қысқы маусым уақытындағы қауіпсіздік тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қыстың қытымыр мінезіне әркімнің әрқалай дайындық жүргізетіндігін ескерсек, көбіне қауіпсіздік шараларының дұрыс жасалмағандығынан төтенше жағдайлар бөлімінің қызметіне жүгініп жататындардың саны ауданымыз бойынша артып келеді. Осы бағытта бұқара халыққа қауіпсіздік ережелерін ескерту, жеткізу үшін ұйымдастырылған дөңгелек үстелге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Ш.Нұрсейітов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Хамитов, аудандық орталық аурухананың азаматтық қорғаныс бөлімінің маманы А.Мұхтарова, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары мен тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы А.Жексымбаев, білім бөлімінің маманы Ж.Әбікеева қатысты.
Жылдың басынан өңірімізде орын алған төтенше жағдайлар мен олардың алдын алу шараларына байланысты жүргізілген жұмыстар барысы жайлы ақпарат беріп өткен Н.Интуев жылыту маусымы басталғаннан ауданымыздың төңірегінде тұрғын үй секторларында 15 өрт, көміртек тотығы газына улану бойынша 1 оқиға тіркелгендігін айтып өтті. Нәтижесінде, Жаңаталап ауылында екі адам қаза тауып, Ботақарада 1 адам жарақат алған. Өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бір ғана қаңтар айында өңірімізде екі ірі өрт орын алған, оның бірі Қызылқайың ауылында, газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғандықтан екі пәтерлі үй отқа оранса, Қызылжар ауылында 150 метр куб. алаңды тұрғын үй өртенген. Сонымен қоса, жаңа жылдық іс-шаралар барысында пиротехникалық өнімдерді дұрыс пайдаланбаудан туындаған адам жарақаттарының 2 фактісі тіркеліп, нәтижесінде 5 адам зардап шеккен.
Қазіргі таңда көп орын алып жүрген оқиғалардың бірі - кішкентай балапандарымыздың төтенше жағдайларға тап болып жататындығы. Осы бағытта ұстаздар қауымына сақтық ережелерін түсіндіру барысында түрлі шаралар ұйымдастыруды қолға алуды білім бөліміне тапсырған Н.Интуев алдағы уақытта барлық мектептерде өрт қауіпсіздігіне арналған құрылғылар тексерістен өтетіндігін ескертті.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында елімізде сықырлаған аяздар салдарынан орын алып жүрген көліктегі өрт қауіпсіздігіне байланысты ақпарат беріліп, ақпараттық күнтізбелер таратылды.
«Қыстың көзі - қырау» демекші, барлық ақпарат көздерімен ел аузында жүрген сықырлаған сары аяз сәл болса да бәсеңдегенімен қуантса, төтенше жағдайлар бөлімі ақырған ақпанда қатты борандар күтілуде деген ақпаратты жеткізіп, осы тұрғыда жолдың қардан тазалау жұмыстарына тоқталып, «жаман айтпай жақсы жоқ» қандай жағдайда болмасын жедел жәрдем қызметі әрдайым дайын тұру керек екендігін жеткізді.
Сонымен қатар, Ш.Нұрсейітов өртті болдырмау үшін қандай сақтық шараларын есте ұстау керектігі жөнінде баяндап өтті.
Айта берсе бітпейтін осындай төтенше жағдайлардың көбісі сақтық ережелерінің сақталмауынан туындайды. Осы тұрғыда ұялы телефондарымызға түсіп жатқан ауа- райына байланысты ескертпелерге көз жұма қарап, жеке бастың немесе қызметтік мұқтаждыққа қарай жолға шығып жатамыз. Бұның өзі сақтық шараларының сақталмауы болып есептеледі. «Апат айтып келмейді» дегенмен «сақтансаң - сақтаймын» деген де бар екендігін естен шығармаған жөн болар.
- Өңіріміздегі төтенше жағдайлардың көбісі білместіктің кесірінен орын алып отыр. Өзімізге кесел болып тиген осы білместіктің әсерінен талай жанның өмірі қиылды. Осының алдын алу сіз бен біздің міндетіміз. Туыстарымызға, жақындарымызға, достарымызға әрдайым ескертулер жасау арқылы біреудің өмірін өлімнен арашалап қалатындығыңызды ұмытпаңыз,- деп Н.Интуев дөңгелек үстелді қорытындылады.
Өз ісіне қашанда жауапты төтенше жағдайлар бөлімі қабағын түйген қарлы борандарда, сары шұнақ аяздардарда, дауылдарда да табанынан тік тұрып, біздің өміріміз үшін жан-қиярлық ерліктерге барып жатады. Ауа-райы сәл құбылса, дабыл қағып, біздің өмірімізге алаңдаушылық танытқанымен, біздердің тарапымыздан көз жұма қараушылықтың салдарынан төтенше жағдайлар орын алып жатады. Қытымыр мінезді қыстың ортасына келіп жетсек те, табиғаттың тосын сыйлары әлі де алда. Әрине «ақ қар көп болса – ақ көп» деп жататын ата-бабамыздың сөзі бар, дегенмен де табиғаттың тосын сыйларына дайындығымыз да мығым болуы керек.
Б.Жакешова
Д.Торжановтың суретінде: дөңгелек үстел барысынан.