
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Мектебімізде - жаңа автобус
09.12.2017
«Жолға шықсаң сайлан, бес қаруыңды байлан» дегендей, діттеген жерге жету үшін көліктің оңтайлы болуы шарт. Осы орайда ауылымыздың мектебіне қатынайтын жаңа автобусты болу барлығымыздың көңілімізге қуаныш ұялатқанын мақтаныш сезіммен жеткіземіз.
Аудандық бюджет тарапынан Мәнжі батыр атындағы Қаражар орта мектебінің оқушыларына мектепке қатынауға арналған су жаңа автокөлік сатып берілді. Бұл игі шара аудан әкімінің мұрындық болуымен жүзеге асқанын айта отырып, болашақ ұрпаққа жасаған қамқорлығы деп білеміз.
Заманауи жаңа автобус оқушыларға қолайлы, жылы. Автобус «Асыл» және «ГРП» бөлімшелерінен мектеп оқушыларының қатынауы үшін арналған. Сондай-ақ, автобус балаларды тарихи-мәдени ескерткіштерге саяхатқа шығу үшін де қолданылмақ.
Жылы әрі жаңа көлікпен қатынайтын оқушылар да, ата-аналар да риза. Осындай қуаныш сыйлаған аудан басшылығы мен білім бөліміне ауыл тұрғындарының атынан алғыс айтамыз. Оқушылар да сенімді ақтап, жақсы оқимыз деп уәде берді.
Қ.Кенжин,
Мәнжі батыр атындағы Қаражар орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі