
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Азаматтарға арналған үкімет дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты
21.04.2017
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосуда. Енді қазақстандықтардың дайын құжаттарды алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ, кез-келген көрсетілген орынға, үй болсын, кеңсе болсын, курьер жеткізіп беретін болады.
Бұл сервисті пайдалану үшін клиент қызмет алуға қажетті толық құжаттар пакетін халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторына өткізеді және дайын құжаттарды жеткізіп беру жөніндегі өтінімді толтыру үшін халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында орналасқан «Қазпошта» АҚ қызметкерлеріне жүгінеді. Құжаттарды жеткізіп беру қызметі жеке және заңды тұлғаларға коммерциялық негізде көрсетіледі.
Үйге жеткізіп беру бағасы қызмет көрсетілетін аймаққа және соңғы жеткізілім мекен-жайына байланысты болады. Жеткізілім жайлы ақпаратты берілген трек-нөмірі бойынша post.kz. сайтынан қадағалап отыруға болады. Қызметтің ең төменгі құны – 500 теңге. Қызмет алушы жеткізілім төлемін дайын құжаттарды алғаннан кейін жүргізеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жаңа қызмет халыққа қызмет көрсету орталығына келуге уақыты тапшы жандарға арналған. «Қазіргі уақытта қызметтерді автоматтандыру жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр. Көптеген қазақстандықтар қызметті электрондық үкімет порталының көмегі арқылы үйден шықпай-ақ алады. Алайда, халыққа қызмет көрсету орталығына келмей рәсімдеуге болмайтын қызмет түрлері де бар. Соңғы уақытта қызметті үйде отырып алуға өтініш білдірген азаматтардың қатарының өсуіне байланысты, біздің қызмет алушыларымызға ыңғайлы болу үшін осы сервисті іске қосуды шештік» - деді ол.
Сондай-ақ, А.Оспановтың айтуынша, бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға ыңғайлы болатын барлық жағдайларды жасауда, атап айтқанда халыққа қызмет көрсету орталығында күту және рәсімдеу уақыттарын қысқарту, электрондық кезектің, бейнекамераның жұмыс істеуі, сондай-ақ ХҚКО-лардан қызметті алуда жайлылық жағдайларының жаңа мүмкіндіктері қарастырылуда.
Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта интернет, телефон, ұялы байланыс және тағы басқа арналар арқылы тағы да бірнеше сервистер мен жобаларды енгізуді жоспарлап отыр.
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бұқар жырау аудандық №2 бөлім