
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Көкшетау техникалық институтына оқуға шақырамыз
20.04.2017
Институтқа күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (КТ) қорытындылары сертификаттарының балдарына сәйкес жүргізіледі.
Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ немесе КТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізеді. Екінші кезеңде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізіледі.
Үшінші кезеңде талапкерлер бекітілген нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады - 100 метрге жүгіру, 3000 метрге жүгіру, бағанада тартылу.
Төртінші кезеңде қабылдау комиссиясы курсанттар қатарына қабылдайды.
Институтқа оқуға қабылдау медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ҰБТ және КТ қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.
Институт «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды.
Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады.
Курсанттар барлық оқу кезеңінде киім-кешекпен, тамақтану және келесі мөлшерде 1-2 курс – 5061 теңге, 3-4 курс – 8760 теңге мемлекеттік шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.
Бірінші, екінші және үшінші курс курсанттары казармалық жағдайда, төртінші курс – Көкшетау қаласында еркін тұрады.
Институттың күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеледі.
Талапкерлермен оқуға түсу бойынша жұмыс 2017 жылдың 1 мамырына дейін жүргізіледі. Көкшетау техникалық институтына түсем деушілер келесі мекен-жайға хабарласыңыздар: Ботақара к., Казыбек би көшесі 61, 34-ӨСБ, тел. 2-11-85, 2-10-52.
Е.Жүнісбеков,
«ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД
ӨСжАҚЖҚ (Қарағанды қаласы)» ММ 34-ӨСБ бастығы
азаматтық қорғау майоры