
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Мәдениет саласында жаңа басшы
23.01.2025
Аудан әкімінің өкімімен Нұрсұлтан Мейрамұлы Шаменов Бұқар жырау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Нұрсұлтан Мейрамұлы 1993 жылы Ботақара кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен Орталық Қазақстан академиясын техника және технология, құқық бакалавры бойынша бітірген.
Ең алғашқы еңбек жолын кәсіпкер ретінде бастаған. Кейіннен Бұқар жырау ауданының жастармен жұмыс орталығының бас маманы, аудандық орталық аурухананың аға инженер жүйелік технигі, «Бұқар жырау жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қарағанды облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Бұқар жырау аудандық филиалы «Бастау бизнес» жобасының үйлестірушісі, Ботақара кенті әкімі аппаратының инспекторы, Қарағанды облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының заңгері, Қарағанды қаласы №13 орта мектебі директорының орынбасары, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау офисі басшысының орынбасары, «Аманат» партиясының Қарағанды облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде болды.
Қазіргі тағайындауға дейін «Аманат» партиясының Қарағанды облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Б.Жакешова