
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жарнама талапқа сай болмай тұр
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Ана тілді қадірлеуді отбасыдан бастау керек «Айта-айта Алтайды, жаман апам қартайды» деген екен баяғыда біреу.
Жаңа әліпбиде жазып дағдыланамыз
Өткен аптада №1 қазақ тірек мектебінде облыстық тіл басқармасы мен Бұқар жырау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жаңа емле мазмұны және оқытудың әдістемелік мәселелері» тақырыбында 18 сағаттық оқыту курсы өтті.
Латын қарпін үйренуіміз қажет
Алдағы өзгерістерге бейімделе білу маңызды
Латын әріптері – өмір талабы
Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткеріп, өзгеріске түсіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ-араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасыр басында бірегей реформатор Ахмет Байтұрсынұлының ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. Қазіргі кезге дейін Қытай еліндегі қазақтар осы жазу үлгісін пайдаланады. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасы қолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл әліпбиі қолданылуда.
Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып, әркез күн тәртібіне қаралып, талқыланып келген-ді. Көптен күткен сол мезет жеткен сияқты.
Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев: «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады...» деп графиканы өзгерту мәселесіне өзіндік ойын ашық айтып, қолдайтынын нақты түрде жеткізген.
Қазақ жазуын латын әліпбиі негізіне ауыстыру – әбден пісіп жетілген қазақ тілінің дамуына қажетті мәселе. Әліпбиді ауыстыру – мүлде қаражат шықпайтын шаруа емес. Әліпбиді ауыстырудың ең маңызды, ең салмақты нәтижелері – жаңа әліпби қазақ жазуының кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, тілдің дамуына, қолданысын кеңейтуге оң әсер етеді, қазақ тілінің табиғатына айрықша мән беріп, қазақ тілін үйренуге құлшыныс танытары сөзсіз.
Заман ағымынан қалыспай Жаңаталап ауылдық кітапханасы да ауыл тұрғындарына латын әліпбиін насихаттау мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» тақырыбында ұсыным-көрме ұйымдастырды. Жасөспірімдер арасында ойталқы шарасын өткізіп, ой-пікірлері тыңдалып, ақпарат берілді. Библиодесант шарасы ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына латын әліпбиі туралы түсінік беріліп, ақпараттық парақшалар таратылды.
Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақты анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезіндегі артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ екенін саналы қабылдауымыз керек.
Рымкүл Жамкеева,
кітапханашы
Жаңаталап ауылы
') no-repeat center top; background-size:contain;">Латын әріптері – өмір талабы
Тренинг - жаңашылдыққа алғашқы қадам
25-қаңтарда Бұқар жырау аудандық сотының ғимаратында латын тіліне көшуге дайындық жасау мақсатымен тренинг өткізілді
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: “Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.