taza-kaz

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану


13.04.2023

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, шәкірттердің заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде үлкен танымдық баспалдақтарына жетелер дағды-машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, оны меңгеру, өз біліктілігін арттыру. Қазақ тілі сабағы тартымды әрі қызықты, сапалы болуы әр ұстаздың өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі - сабақ. Жаңа әдістерді пайдалануы - бүгінгі күннің талабы.

Орыс тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілінен сабақ беруде оқушының ойлауы мен тілін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда  алдымызда үлкен міндеттердің тұрғаны мәлім. Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы ұстаздың сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты.

Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.

Айзат Жағыпарова,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

Көкпекті орта мектебі



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?