taza-kaz

Ұлттық мұра


13.04.2023

Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.

Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.

Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өздері де қазақ тілінің жойылуына аз қалған шақта жан аямай күресіп, қолдарынан келгенше тырысып, бізге, келешек ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп қалдырды. Осы тілімізді біз ары қарай дамытып, жетілдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек.

Өйткені, қазақ тілі – ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп аталарымыз бекер жырламаған екен. Біз қазіргі таңда тәуелсіз, еңсесі биік мемлекетпіз. Осы мемлекетіміздің әрбір азаматы өз тілінде сөйлеп, оны құрметтеуі, жетік меңгеруі – міндет.

Бірақ, қазіргі кезде адамдардың барлығы да туған тілінде сөйлей бермейді. Өз ана тілін біліп жүріп өзге бір жат елдің тілінде сөйлеп жүргендер де аз емес. Осы кезде: «Неге осылар қаншама қиыншылықпен мұраға қалдырылған тілімізде сөйлемейді?» - деп налисың.

«Өз тілін сезінбеген бала ана сүтін татпаған жетіммен тең» - деп Бауыржан Момышұлы қаһарманымыз айтып кеткендей, өз тілін қадірлемеген бала, оны жан жүрегімен сезінбеген адам ана сүтін де қадірлемеген, оны мүлде татпаған жанмен тең. Тілімізді қадірлейік!

Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс.

Ғ.Қазалиева,

Бұқар жырау ауданының ПБ ІСКТ жетекші маманы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?