
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Көрнекі ақпарат пен жарнамаға - сауаттылық!»» акциясы
11.03.2023
Наурыз айының 2-жұлдызында Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға - сауаттылық!» акциясы аясында ауданның орта бизнес өкілдерін аралап, «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың І тоқсанына жоспарланған «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға - сауаттылық!» атты облыстық айлық 15 ақпан мен 15 наурыз аралығында ұйымдастырылды.
Ондағы мақсат - жергілікті жерлерде көрнекі ақпараттар мен сыртқы жарнамалардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдары талаптарына сай рәсімделіп, орналасуы бойынша түсіндіру-насихат жұмыстарын тиімді жүргізу үшін айлық аясында рейд шаралары ұйымдастырылып, оған мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімдерінің, қоғамдық ұйымдар мүшелерінің, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің, жергілікті әкімдіктердің, полиция қызметкерлерінің қатысуына ықпал ету.
Аталған міндеттерді ескере отырып мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдар Әбкенұлы Оспанов бастаған және Ботақара кенті әкімі аппаратының бас маманы Айгерім Ерболқызы Байділдинова, аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Ақлима Қайроллақызы Дакирова, аудандық полиция басқармасының маманы Ғалима Қазалиева ханым қостаған тіл жанашырлары ауданымыздың орта бизнес өкілдерін аралап, оның ішінде жаңадан ашылған «Café 42 CINEMA», «Еркин», жолаушы бекетінде ашылған «Аииша», «Динара», «Asyl_et» және т.б дүкендері мен кафелерін аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кемшілігі бар бизнес өкілдеріне әдістемелік көмек көрсетті.
Осындай жұмыстардың назарға алынып, рейд жұмыстарының жүргізілуіне себеп ғылым және жоғары білім министрлікке азаматтардан бақылау-касса машиналары (бұдан әрі - БКМ) арқылы жасалатын операциялардың тіліне қатысты ауызша арыз-шағымдар түсуде. Себебі барлық сауда нүктелері, банктер, әуежайлар мен қоғамдық орындардағы (асхана, дәмхана, мейрамхана, дәріхана, театр, кинотеатрлар және т.б.) БКМ арқылы берілетін түбіртек тек орыс тілінде басып шығарылады.
БКМ модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) тәртібі мен қағидасы «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - Қағида).
БКМ техникалық талаптарына сәйкес БКМ басуға және индикациялауға шығарылатын ақпарат, клавиатурадағы белгілеулер және ақпаратты тіркеу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде болуы тиіс. Мемлекеттік тізілімге енгізілген барлық БКМ модельдері техникалық талаптарға сәйкес және мемлекеттік тілге ауыстыру функциясы жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген Қаржы министрінің БКМ модельдерін БКМ-нің мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) Қағидасының 3-қосымшасына (1-кесте) сәйкес БКМ қалыптастыратын чектерге және өзге де құжаттарға қойылатын талаптар: «30. БКМ Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес бақылау чегінде деректемелерді басып шығаруды, оның ішінде қазақ тілі әліпбиінің ерекше әріптерін пайдалана отырып, қазақ тілінде қамтамасыз етуі тиіс». Заңның 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар яғни кез келген азамат мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап ету құқығына ие .
Жалпы, «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңы тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. Осы тұста кәсіпкерлерге қатысты заңнамалар туралы ақпарат бере кетсек.
«Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңы 21-бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөртабандарының мәтінінде олардың атаулары мемлекеттік тілде жазылады. Меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерінің, мөртабандарының мәтіні мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылады. Бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазылады. Қазақстанда өндірілетін тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде қажетті ақпарат болуға тиіс. Шетелде өндірілген тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебінен мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармасымен қамтамасыз етіледі. Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен - мемлекеттік тілде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Бұл жағдайда қаріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттік тілде, орыс және қажет болған жағдайда басқа да тілдерде беріледі.
«Жарнама туралы» ҚР заңы 6-бабы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де таратылады.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңы 24-бабы бойынша тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты беруге міндетті.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі 75-бабы бойынша деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыруда тіл туралы заңнама талаптары бұзылса: 1) ескерту беріледі; 2) егер қайталанса айыппұл салынады. 5 АЕК – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, 10 АЕК - орта кәсіпкерлік субъектілеріне, 25 АЕК – ірі кәсіпкерлік субъектілеріне.
Атқарылған ауқымды жұмысты бір ауыз сөзбен түйіндесек, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметтеу қажет.
А.Ерубаева
Д.Торжановтың суретінде: акция барысы бейнеленген.