taza-kaz

Үш тұғырлы тіл: артықшылықтары мен қиыншылықтары


04.03.2023

Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, қасиеті шексіз. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, дариды. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұрасы. Демек, әр адам ана тілін көзінің нұрындай қорғауы тиіс.

Біздің ана тіліміз шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілін көркейту ұлт байрағын көтерумен бірдей десек, қателеспеген болармыз.

Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары - туған тілі. «Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті», - деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түсті. Ана тілінің құдіреті жайлы қаншама ойшыл, ақын жазушыларымыз, даналарымыз құнды пікірлер қалдырды. Осынау бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап, аналарымыз әлдилеп өскен қазақ тілі еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпал етуде.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өңірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналары сөзсіз. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз - туған тіліміздің мерейін үстем етті.

Қазіргі жаһанданған, ақпараттық дамыған ғасырда болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың өлкесі болып, көп ұлтты мемлекетке айналды.

Қазіргі таңда келешекке кемел біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі болып отыр.

Үш тілді оқыту - заман талабы. Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі.

Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның болашақтағы өмір белесінен, білім кеңістігінде алары да, берері де мол.

Алдағы уақытта үштұғырлы тілді меңгеру - еркіндіктің, бостандықтың, тәуелсіз ел ұландарының бәсекеге қабілетті дара тұлға болатындықтарының кепілі.

Мұратхан Еркежан,

Суықсу ауыл әкімі аппаратының

 бас маманы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?