
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Қазақ тілі ономастикасының кейбір мәселелері
04.03.2023
Қазақстан мемлекетінің өз алдына ел болып, тәуелсіздігін алғанына және әлемнің танығанына отыз жылдан асты. Атқарылған жұмыстар көп, бірақ атқаратын жұмыстар да жетеді.
Соның бірі және бірегейі - қазақ тілі яғни мемлекеттік тіл мәселесі және ономастика жұмыстары. Көше, елді мекен атауларының өзінің тарихи аттарын қайтарып беру келешек ұрпақ, тарих, тіпті ата-бабаларымыздың аруағының алдындағы парызымыз.
Идеологиялық тұрғыдан ескірген, еш мағынасыз, бұрмаланған атаулар әлі жетерлік, мысалы: Комсомол, Ленин, Октябрь атаулары, Кривая, Болотная, Угловая деген мағынасыз атаулар әлі де бар.
Осылардың орнына атауға жеңіл, мағыналы, құлаққа жағымды, ең болмаса қазақша атауларды берсек нұр үстіне нұр болар еді. Мысалы: Жастар, Шапағат, Бейбітшілік, Самал атауларымен атаса келісті болар еді.
Кейбіреулер қаншама ақша шығарып, көшелерді ауыстырудан басқа жұмыс жоқ па деуі де мүмкін. Осындай ойдағы адамдарға айтарымыз, ол көшелерге осындай мағынасыз, сол заманның ұранына сай атау бергенде ешкімнен сұрамады.
Ал бүгінгі күнде бұл жергілікті әкімшілікпен халықпен келісуі арқылы жасалады. Көшенің атының ауысуына байланысты шығындар, аншлагтарды ауыстыру және үй құжаттарына өзгерістер - барлығы мемлекет қаражаты арқылы шешіліп, қарапайым халықтың қалтасына салмақ салмайды.
Аншлагтардың арнайы бекітілген үлгісі бар, осыған сай қазақша егер кісі аты болса толық жазылып, оның дұрыс жазылуын филолог мамандар қарап анықтама жазып береді. Негізінен бұл жұмыстарды жергілікті әкімшілік жүргізуі керек, ал тілдерді дамыту бөлімі әдістемелік көмек, яғни неден бастау, қандай құжаттар жинау керектігін, оны облыстық ономастика комиссиясына өткізуге көмектеседі.
Жергілікті әкімдердің құлағына алтын сырға, осы жұмысты жандандырып, түсіндіру жұмысына біздің маманды шақырсаңыздар бірігіп жұмыс жасап, атауларын қазақшалап, тарихи атауларын қайтарып, қазақтың өзін-өзі тануына қызмет етсек ел, болашақ үшін жасаған игі ісіміз болар еді.
А.Оспанов,
Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы