taza-kaz

Жарнама жайында


19.01.2023

«Сауатты жарнама - тіл абыройы» деген ұғымды санаға сіңіру және осыған байланысты акция жүріп жатқанын қолдай отырып, өз ойыммен бөліскім келеді. Жалпы жарнама жасау, тарату, оларды орналастыру мәселесі Қазақстан Республикасы «Жарнама туралы» Заңымен реттеледі. Заңның негізгі мақсаты – жөнсіз жарнамаға жол бермеу және тыйым салу болып табылады.

Қазақстан Республикасының аумағында жарнама мемлекеттік тілде және орыс тілінде таратылатындықтан, жарнама мазмұнының бір тілден екінші тілге аудармасы оның негізгі мағынасын бұрмаламауы тиіс. Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес “Сауатты жарнама – тіл абыройы” байқауын жариялады. Бұл конкурс мемлекеттік тілдің қолданылу аясын ұлғайту, оның қажеттілігін арттыру мақсатында іске асырылады. Мен өз басым осындай байқаулар көп болғанын қалаймын және әрбір адам тіл абыройын сақтап, қатесіз жарнама болса оны түзетіп,  өздерінің көмектерін тигізіп қол ұшын созғандары үшін қуаныштымын. Байқау жарнамалық мәтінді сауатты жазуда оң бетбұрыс болады. Ол сондай-ақ “Тіл туралы“ Заңға сәйкес мәтіннің орындалуын қадағалауға қатысатын азаматтарды қолдау және ынталандыру жұмыстарына негізделген. Ұлттық нақыш, салт пен дәстүр, тәрбие мен ұлағат үндестігіне сай жасалған жарнама ғана заман талабынан шығары хақ. Өйткені тіл мен діл, ұлт пен ұлағат, дәстүр мен салтты сап түзеткен жарнама ғана тіл заңдылығы талабынан шыға алады.

Ендеше, бүгінгі ұрпақты жарнама арқылы ізгілік пен адамгершілікке үндейік, сонда ғана келешек иесі – жас буынның дидарына жарқын жүзбен қарай аламыз. Жарнама – көпшілікті тәрбиелейтін тәрбие құралы деп қарағанда ғана тілдің туын аспандата аламыз.

А.Серікпаева,

Қушоқы кенті

әкімі аппаратының маманы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?