taza-kaz

Тіліміздің қадір-қасиетін арттырайық


19.01.2023

Қазіргі уақытта әлемде мыңдаған тіл бар. Өкінішке орай, олардың саны жыл сайын азайып келеді. Сондықтан, әр адам өз тілін бағалап, сақтауы тиіс. Қазақ тілінде таза сөйлейтін азаматтар еліміздің тарихын, мәдениетін және салт-дәстүрін құрметтейтінін көрсетеді.

Кейбір жастар басқа ұлттардан алынған ұятсыз сөздерді қолдана отырып, өз халқының барлық құндылықтарын төмендетеді. Қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің қатарына кіреді. Тілдің көмегімен адамдар бір-бірімен байланысады, ақпарат таратады, жаңа нәрселер үйренеді және ғылымды дамыта алады.

Тіл туралы жазудан, ол туралы айтудан қашпау да жалықпау да керек. Себебі, тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух, дәстүр мен салт жатыр. Сондықтан, әр халық өз тілінде мақтанып қана қоймай, оны дамытып, жұмыс жасауы керек. Себебі, қазір әлемде жойылып кетуі мүмкін тілдер қатары бар. Бұл тілдер қолданыстан қалып, сөйлеуі мен өмір сүруін тоқтатқандар. Оған сол ұлттың, не халықтың жойылып кетуі тікелей себеп болады. Одан қала берді отарға тап болған елдердің де тілдері сол держава тіліне бағынып, өз өмір сүру салтын жоғалтады.

Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Әлемдегі ең көп таралған тіл – ағылшын тілі. Себебі оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады. Неге?

Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, ерекше тіл. Тек қолданатын халықтың саны аз демесеңіз, бұл тілдің құдіреті ерекше.

Абайға дейін жыраулар, батырлар мен хандар, шешендер осы ана тіліміз арқылы дау шешіп, соғыстың бетін қайтарған. Абайдан кейінгі қазақ тілінің ерекше қолданысқа түсуі, оның қазақ поэзиясын халық ішіне идіріп әкелуі. Әрине, Абайға дейін де поэзия болды. Бірақ ол зар заман жырлары мен дастандары. Ал Абай тілінде сұлулық пен біз айтқан ерекшелік үндесіп жатыр.

Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз керек. Себебі сіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер кейінгі ұрпақ үшін үлкен роль ойнауы мүмкін. Мәселен, кезіндегі орхон жазулары, руна жазулары бүгінгі көптеген түркі халықтарына тән тарихи деректердің көзін ашып беріп отыр.

Ендеше сіздің де тіл өлмесе, ертеңгі ұрпақ үшін, жалпы адамзат үшін үлкен мәнге ие болары сөзсіз.

Өз тіліңізді сүйе отырып, өзге тілге құрмет білдіріңіз!

Ғ.Қазалиева,

Бұқар жырау ауданының ПБ ІСКТ жетекші маманы

 



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?