taza-kaz

Ұлт бірлігінің кепілі – мемлекеттік тіл


24.12.2022

Тіл – халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші ретінде де саналады. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі деген жөн. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі болады.

«Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ» дейді жазушы Ғабит Мүсірепов. Сондықтан туған тілдің тұғырын биіктету – әрбір қазақ үшін аса маңызды. Бұл ретте елімізде «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң» сынды стратегиялық маңызы бар құжаттар дүниеге келді. Конституция мен “Тілдер туралы” Заңда мемлекеттік тілді білу әрбір азаматтың борышы деп көрсетілген.

Қоғамда қай саланы болсын мемлекеттік тілден хабардар, салалық мамандар басқарғаны абзал. Себебі, тіл білгеннің тамырында ұлттық, халықтық, елдік, мемлекетшілдіктің қаны мен қасиеті болады. Ұлттық болмысты ұғатын рух, қоғамдық бағытты аңғаратын, ерекшелігін түсінетін, елжандылық асқақ сезімі басым жандар ғана көсегемізді көтертеді. “Мемлекеттік тіл – менің тілім” дегенді мемлекеттік қызметкерлерге міндеттегенде ғана оның өміршеңдігіне қол жетеді. Халықтың қаны мен жаны саналатын қазақ тілінің абыройы мен беделі қазақстандықтардың міндеті, адами борышы болуы тиіс.Тілдің негізгі қызметі -  халықты біріктіру. Өз ұлтымыздың тілін, дінін насихаттап, биік тұғырда ұстап жүрсек, біздің еліміздің татулығы мен бірлігі жасай береді. Елбасының даналығы мен көрегендігін аңғарып, “қазақ қазақпен қазақша сөйлессін” дегеніне қолдау көрсетсек, өзгелер қайда кетеді?! Сонда қазақ тілі қолданысқа еніп, ортақ тілге айналары ақиқат. Қазақ тілі – шағыстырушы емес, егемендіктің табыстырушы алып бұтағы, бәйтерегі. Тек оның жапырақ жаюы күтіміне байланысты болып тұр. Тіл білігі – мәдениеттілігіміз бен елжандылығымыздың нышаны. Әрбір ісіміз мемлекеттік мүддені жастарға ұғындыратын ұлттық ерекшеліктерді ұлықтап, халықтың абырой-беделін көтеретін, рухы биік, мәдениеті мәртебелі ұрпаққа берілетін ұлттық тәрбиемен бағытталғаны дұрыс.

 

Көшек Жасұлан,

Самарқанд ауылдық округі

аппаратының бас маманы           



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?