
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Қазақ тілінің жаңа белгісі - латын әліпбиі
24.12.2022
Латын әліпбиі бізге бөтен емес. Бүгінгі компьютер заманында ол интернет жүйесінде, электрондық поштада, әлеуметтік желілерде, жеке төлқұжаттарымызда, тағы басқа салаларда кеңінен қолданылады. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Демек, оны еліміздегі барлық сауатты адам белгілі бір дәрежеде біледі.
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы, қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы қажеттілік, еліміздің өркендеуіне, болашағына бағытталған шара. Латын әліпбиіне көшкенімізде ұтатын тұстарымыз көп. Алдымен, тіл тазалығы. Латынға көшу арқылы тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Бұл уақытты және қаржыны үнемдеуге көмектеседі.
Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Біз латын әліпбиіне көшу арқылы негізінен латын әліпбиін қолданатын түбі бір түркі дүниесімен мәдени, ғылыми, рухани, экономикалық қарым-қатынасты күшейтеміз.
Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде ана тіліміздің қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасау деп түсіну керек.
М.Әжібаева,
Бұқар жырау аудандық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы