
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Тіл үйрену – ізгі іс
10.12.2022
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Сондықтан әр қазақстандық қазақ тілін білуі тиіс. Өзге тілді ұлт өкілдері осы елдің патриоты екенін алдымен мемлекеттік тілді меңгеру арқылы көрсетуі керек деп ойлаймын. Өз Отаныңда, өз жеріңде жүріп мемлекеттік тілді білу керек.
Орыс тілді азаматтардың мемлекеттік тілді үйренуге деген талпынысы жоқ емес. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейіп, өзге ұлт өкілдері қазақ тілін үйреніп, балаларын қазақ балабақшаларына, қазақ мектептеріне бере бастады.
Әр қазақ мемлекеттік тілдің жанашыры болуы керек, бұл біздің парызымыз. Қазақ тілінің дамуы үшін ең алдымен тілге деген қажеттілікті арттыру керек деп ойлаймын. Қажеттілік бар жерде тілдің колдану аясы артады. Кез келген ортада - мемлекеттік мекемелерде, қызмет көрсету саласында, қоғамдық көлікте қазақ тілінде алдымен өзіміз сөйлеп, сонымен қатар қызметті қазақ тілінде көрсетуді талап ете білсек, көп нәрсе өзгерер еді. Осы орайда кейбір мекемелерде іс қағаздары, іскерлік жиындар әлі де орыс тілінде жүргізіліп, мемлекеттік тілдің қолдану аясының кеңімей отырғанын ескерсек, алдағы атқарылар жұмыстардың әлі де көп екендігін аңғарамыз.
Көп тіл білгеннің зияны жоқ. Тіл үйренуге адамның жасы да кедергі болмайды. Бастысы ниет болса, жетіп жатыр. Шын ниеттенген адам күніне бір сөзден жаттаса да, үйренуге болады ғой. Әсіресе, қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер қазақша білуі қажет деп ойлаймын. Қазақша түсінбейтін кәсіпкер орыс тілін білмейтін тұтынушылардың не қалайтынын білмейді ғой. Осындай жағдайда қызмет көрсетуші мен тұтынушының арасындағы қарым-қатынасқа тіл білместік кедергі келтіреді, тұрғындардың сапалы қызмет алу құқығы бұзылады. Кәсіпкердің және оның қызметкерлерінің қазақ тілін білуі тұтынушылардың санының артуына, бизнестің кеңеюіне жәрдемдеседі.
М.Төлеуов,
Бұқар жырау аудандық мәдениет
және тілдерді дамыту
бөлімінің маманы