
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Тіл – татулық дәнекері, достықтың алтын көпірі
05.11.2022
Бұл өмірде аз күн қонақ болармыз,
Мүмкін елу, мүмкін жүз жыл салармыз.
Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп,
Құрметтейік келгенінше шамамыз!
Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі.
Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін бұл мереке - достық пен бірліктің, түсіністік пен жарасымдылықтың жарқын үлгісі. Өйткені «Тіл – татулық дәнекері, достықтың алтын көпірі». Бұл мереке 2018 жылдан бері ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырып өткізіліп келеді.
Киров орта мектебінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Тіл – кемел болашақ тұғыры» тақырыбында 5-16 қыркүйек аралығында мектепішілік іс-шаралар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті. Аталмыш іс-шаралар аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты. Шараны пән мұғалімдері А.Таймағанбетова, А.Дельманова, З.Каримова дайындаған оқушылардың үш тілдегі «Тіл - кемел болашақ тұғыры» саптық жиынымен жалғастырылып, апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Шара мақсаты – тіл ұлттың мақтанышы, рухани байлығы екендігін оқушыларға жетік меңгерте отырып, оларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету. Сондай-ақ тіл тазалығын сақтауға, мәдениетті сөйлеуге, ана тіліне сүйіспеншілігін арттыруға, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру, үш тілдік саясатты дамыту.
Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімі, осы жолдар авторы «Тіл – ең асыл құндылық» тақырыбында үздік эссе байқауы мен А.Байтұрсынұлы шығармаларынан мәнерлеп оқу сайысын өткізсе, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Дельманова «Народа каждого язык понятен и велик» тақырыбында оқушыларға шығарма жаздырып, ана тілінің қадір-қасиетіне түсініктеме берді.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі З.Каримова «The Influence of Ahmet Baitursynov’s Literary Publicistic Heritage on The Spiritual Development of Kazakh People at The Beginning of The XXth Century» тақырыбында презентация дайындап, барша халықтың тілін, салт-дәстүрін құрметтеуге шақырды. Сонымен қатар «А.Байтұрсынұлы және тіл мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, тіл жанашырларының алқалы отырысымен жалғасты. Іс-шара барысында ұстаздар ғалымның еңбектеріне шолу жасап, мол мұрасы мен шығармашылығы барысында өз ойларын ортаға салды.
Іс-шара барысының кезекті жоспары бойынша «Ана тілім - тірегім» атты сынып сағаттары, «А.Байтұрсынұлы шығармаларындағы ұлттық рух» тақырыбында суреттер байқауы ұйымдастырылып, А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д.Тергеубековтың жетекшілігімен ұлттық спорт түрлерін насихаттау жұмыстары, «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында кітапханашы Ш.Батекованың ұйымдастыруымен кітап көрмесі және тарих пәнінің мұғалімі Т.Маликтің жетекшілігімен «А.Байтұрсынұлы – ұлы тұлға» тақырыбында тарихқа шолу жасалды.
Елімізде мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Этносаралық қатынас тілі ретінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, ел бірлігін нығайту - басты міндетіміз. Жаңашылдық пен игі істерге толы іс-шараларымыз жалғасын тауып жатса, оқушыларымыздың шығармашылық жолындағы қадамдарына жол ашары сөзсіз.
Асыл Бекдәулетқызы,
Киров негізгі орта мектебінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі