
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Қазақ тілді жарнама
29.10.2022
Бүгінгі заманды жарнамасыз елестету мүмкін емес. Жарнамалардың қазақ тіліндегі мәтінінен кететін қателер жайлы бұдан да бұрын талай жазылып та, айтылып та жүр. Бірақ, көшедегі билборд пен маңдайша жазулар қатеге тұнып тұрғанын үлкен тұрмақ, кіші де көреді. Ал жекеменшік нысандардың атаулары мен сыртқы жарнамалары орыс тілінен мемлекеттік тілге сөзбе-сөз, ерсі, шала-шарпы аударылып, мағынасы өзгерген дүбәра сөз тіркестері мен грамматикалық қателер өріп жүр. Кейбір нысандар мүлдем қазақ әріптерін қолданбайды. Яғни, заң талаптарына сай жазылмайды. Баспасөз беттерінде «Жарнама қателері» туралы қаншама фотобәйге ұйымдастырылғаны белгілі. Алайда, күнделікті көріп жүрген көшелердегі жарнамалар сол баяғы қалпында.
Жарнама индустриясы бүгінгі қоғамдағы этномәдени кеңістікті қалыптастыратын аса қуатты құрал. Жарнама өнімдерінің безендірілуінің өзінде ұлттық рухтың иісі сезілмейді. Көпшіліктің назарына ұсынылатын жарнама өнімдерінде біздің ұлттық құндылықтарымыз жеткілікті дәріптеліп, насихатталып жатқан жоқ. Жарнама өндірісінің ақпараттық аясын этномәдени ортамен кіріктіріп, елдің рухани тұтастығына қызмет еткізуге қол жеткізу керек. Алайда, мұны жүзеге асыруға тиісті мемлекеттік мекемелердің қолында аталған қуатты құралды тиімді пайдалану тетігі қазіргі қолданыстағы заңдарда жете дәйектелмеген.
Мәселен, әр қалада мыңнан астам жарнама қондырғылары бар. Оған әр мекеменің маңдайша жазуларын, көрнекі ақпараттарын, көліктердегі жарнамалар мен көрнекі ақпараттарды қоссаңыз, жүз мыңға жетіп жығылады. Оларда салынған суреттер мен жазылған мәтіндерден ұлттық рухтың, мемлекеттік саясаттың өзегін табу қиын. Осы жарнама өндірісімен айналысатын жарнама агенттіктерінің бірде-біреуі қазақ тілінде жарнама жасамайды. Тек аудармамен айналысады, оның өзі де сауатсыз. Ал жарнама қаланың келбеті десек, біздің этномәдени кеңістігіміздің көрінісін пайымдауға болады.
Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы қандай дәрежеде сақталып, қалай орындалуда? Жалпы Тіл туралы Заңды бұзған немесе талаптарын орындамаған адамдарды жауапқа тартатын бап бар ма? Қала көшелеріндегі жарнамалар мен ірі-ірі сауда орталықтарының атауларындағы, қайсыбір мекемелердің қате жазылған маңдайшаларын кімдер дайындайды? Жарымжан жарнамалар мен сауатсыз аудармаларға ескерту жасап, оларды түзету кімдердің мойнында? - осындай сан алуан сауалдар кім-кімді де ойландыратыны хақ.
Әкімшіліктердің тілдерді дамыту басқармалары көшелерде көз сүріндірген көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың «Қазақстан Республикасы Тіл туралы» заңының 21-бабына сәйкес жазылуына байланысты тексеру жүргізіп, бірқатар кемшіліктерді анықтады. Атап айтар болсақ, қаладағы нысандардың атаулары мен ғимарат маңдайшаларындағы жазулар мен жарнама мәтіндерінің сапасы мен сауатты жазылуы қадағаланбайтындағы белгілі болды.
Барлығымызға белгілі кез-келген жарнамаға тапсырыс бергенде әжептәуір қомақты қаржы төленеді. Шахарларда қазақ тіліндегі жазуларда кездесетін қателер тіл мамандарының ғана емес, ана тілін білетін барша қауымның сынына ұшырап келеді. Әйткенмен ол сыннан нәтиже аз. Шындыққа көз жүгіртсек, әсіресе қалалы жерде орысша тіл білмейтін қазақ ұлтының өкілдері некен-саяқ. «Кез-келген ұлттың тілін игеріп кете алмау, не барып тұрған қабілетсіздік болмаса сол тілге деген саналы түрдегі құрметсіздік» деген екен бір ғұлама. Тіл мәселесі әрбірімізді алаңдатар күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан тіл тазалығын сақтау сіз бен біздің ортақ борышымыз екенін ұмытпағанымыз жөн.
О.Дүйсембекова,
Доскей ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы